1-билет Доктрина



бет13/22
Дата15.11.2023
өлшемі69,09 Kb.
#124106
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
1-билет Доктрина

3Көшпенділер әлемдік тарихи үдерістердің барысына елеулі әсер етті». Сіз бұл тұжырыммен 
келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. 
Ерте темір дәуірінде көшпелілер әлемдік кеңістікке шыға бастады. Көшпелілердің әскери қуаты артып, 
олар ежелгі шығыстық Ассирия, Урарту державаларының, Ахеменидтер империясының басты 
қарсыластарына айналды.Б.з.б. 8-7 ғасырларда скифтер Алдыңғы Азияға басып кірді. Кіші Азияның 
барлық шығыс аймағын басып алып, ондаған жыл бойы өз биліктерін жүргізді. Б.з.б 6 ғасырда 
парсылық Ахеменидтер империясының патшасы Ұлы Кир Орталық Азияға бірнеше жорық жасады. 
Б.з.б 530 жылы Кир шығыстағы массагеттерге жорыққа шығып, қаза тапқан соң, оның империясы 
ыдырай бастады. Б.з.б. 1 мыңжылдықта Ұлы Дала көшпелілері Шығыс пен Батыстың отырықшы-
егіншілік өркениетімен тығыс қарым-қатынас жасады. Киммерліктер мен скифтердің Алдыкңғы 
Азияға, парсылардың скифтер мен сақтарға жасаған жорықтары, ғұндардың ықпалымен халықтардың 
Ұлы қоныс аударуының басталуы-көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа тигізген әсері болып 
табылады.
10билет
1) ИНТЕГРАЦИЯ-келісілген мемлекетаралық экономика мен саясат негізінде ұлттық шаруашылық жүйелердің жақындасу және кірігу процесі.Интеграцияның классикалык мысалы-мемлекеттердің НАТО немесе ЕУРООДАҚ сияқты экономикалық,саяси н/е әскери одақтарға кіруі 
ЖАҺАНДАНУжаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.Жаһандану үдерісі ежелгі тарихта да кездеседі.Кезінде Шыңғыс хан,Атилла,Александр Македонский жер-дүниенің бәрін жаулап,өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды таратпақшы болды.Терминді 1983 ж Теодор Левитт енгізді. 
2)XVIII-XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР 
Қазақстан Ресей құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерртеу үдерісі басталды. Қырғыз-
қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов "Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы" 
атты еңбек жазды.Онда автор қазақ және қарақалпақ жерін егжей-тегжейлі сипаттап 
жазды.Ломоносов елде экспедициялар ұйымдастырып, географиялық карта жасад. 1768-1774 жж 
алғашқы Паллас экспедтцтясы болды,нәтижесі ретінде Палластың "Ресей империясының әртүрлі 
провинциялары бойынша жасалған саяхат" атты үш бөолімнен тұратын еңбегі жарық көрді.Онда
қазақ халқының тарихы мен этнографиясы туралы мәліметтер бар.XVIII ғасырдың аяқ кезінде
Андреевтің "Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы" еңбегі жарық көрді.Өзінің кітабында Орта жүздің тарихы мен шегарасы туралы мәлімет қалдырды.1830 жылы Броневскийдін "Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар" атты жұмысы жарияланды.Белгілі тарихшы Левшин "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы" атты үш бөлімнен тұратын еңбегін 
жазды,онда қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы,географиясы туралы аса маңызды
мәліметтер келтірілді.Добромыслов "Торғай облысы.Тарихи очерк" атты 3 томдық еңбек жазды.
Онда Кіші жүздегі 
қазақ хандықтарының тарихи және саяси оқиғалары толық сипатталған.Радловтың "Сібір 
қазақтарының этнографиясы туралы" еңбегі түркология ғылымының дамуына зор ықпал 
етті.Семенов Тян_Шанский Алтай,Жетісу,Орта Азия жерлеріне экспедиция жасап "Қырғыз өлкесі" және "Түркістан өлкесі" деген еңбектер жазды. Неміс географы,этнораф әрі тарихшы Фон Хелльвальд "Орталық Азия.Жер бедері мен халқы"атты еңбек жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет