1-билет Доктрина


)«КСРО-ның 1924, 1936, 1977 жылғы Конституциялары КСРО-ны федералды мемлекет деп



бет22/22
Дата15.11.2023
өлшемі69,09 Kb.
#124106
түріНұсқаулар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
1-билет Доктрина

3)«КСРО-ның 1924, 1936, 1977 жылғы Конституциялары КСРО-ны федералды мемлекет деп 
жариялады, бірақ іс жүзінде Кеңес одағы унитарлы мемлекет болды» деген пікір бар. Сіз бұл 
пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз. 
Жоқ, бұл тұжырым қате деп саналады. Сол кезде елді біртұтас жүйе басқарса да, мемлекет унитарлы 
емес, федералды болды. Барлық республикалар автономияға ие болды және әркімнің өз 
конституциясы болды, онда жоғары билік бәрін басқарғанына қарамастан өз заңдары болды. 
Ең біріншіден КСРО унитарлы мемлекет екенін түсінгеніміз жөн. КСРО-Еуропада және Азияда 1922 
жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет.1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас 
одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды.КСРО Ресей КФСР, Украин КСР, 
Беларусь КСР және Закавказ СФСР бiрiгуі жолымен 1922 жылдың 30 желтоқсанында 
құрылды.Конституциясы бойынша егемендi мемлекет болып табылған (әртүрлi жылдарда одақтас
республикалардан тұрды; әрбiр одақтас республиканың одақтан еркiн бөлiнiп шығу мүмкіндігі 
сақталынды.Одақтас республика шет мемлекеттермен қатынасқа шығып, келiсiм-шарттарымен 
тұжырымдап , дипломаттық және консулдық өкiлдермен ауысып, халықаралық ұйымдардың 
қызметiне қатысуға құқығы болды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы 
Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс 
болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин жеңіске 
жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады.Елде қатты орталықтандырылған әрі 
милитаризацияланған тоталитарлық режим орнады. Бұл жүйе елді жедел түрде модернизациялауға 
және басқа мемлекеттердегі рев. қозғалыстарды қолдауға қызмет етті. Ауыл шаруашылығында 
шаруаларды зорлықпен ұжымдастыру және ұсақ меншік иелерін (кулактарды, орта шаруаларды, ауыл 
байларын, тб) тәркілеу халықты жаппай ашаршылыққа ұшыратты. 1934 жылдың соңында КСРО 
бойынша жаппай саяси қуғын-сүргін басталды.1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші 
Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік 
Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), 
Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік 
Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) 
құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас республикалар саны көбейді.1977 ж. қабылданған КСРО-ның 
үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына 
серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға 
ұшырады.Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген 
мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. КСРО-ны федеративті мемлекет 
екендігін осыданақ біле аламыз! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет