2.Жұмыс істеу ортасында зиянды заттардың түрі мен мөлшері белгісіз немесе елеусіз болған кезде ауа алмасу дәрежесін анықтау
12-БИЛЕТ 1.Психологиялық көрсеткіштер арқылы эргономиканы бағалау Психофизиологиялық шектелген мүмкіндіктерден және қолайсыз өндірістік ортада жұмыс істегенде, адам қателіктер жібереді, оның “бағасы” қазіргі өндірісте жылдам өсуде. Көптеген жағдайларда операторлардың іс-әрекеті, олардың біліктілігінің төмендігінен емес, адамның техника мүмкіндіктерінің конструкциялық ерекшеліктеріне сәйкес еместігімен болады. Бар мәліметтерге сүйене отырып, қазір адам факторының үлесіне техникалық күрделі жүйелердің істен шығуы 40-70% келіп отыр. Психологиялық топтық көрсеткіш жұмыс істейтін адам дағдыларын қайта қалыптастыратын және бекітетін ес, ойлау, психомоториктардың қабылдаумүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің, топтың өзара әрекеттесу деңгейі мен сипатының, “адам-техника-орта” жүйесімен басқару бойынша бірлескен іс-әрекеттің тұлғааралық қатынасын құрамдаудың машинаға сәйкестігін көрсетеді. Бұл ерекшеліктер жеке көрсеткіштер ретінде әрекет етеді. Қазіргі күні эргономика үш техникалық эстетика, инженерлік психология және өндірістік эргономика бағыттары бойынша дамиды. Техникалық эстетика – бұл құралдардың көркемдік конструкциясы мен өндірістік эстетика. Инженерлік психология басқарудың маңызды объектілерінің оператормен ақпаратты қабылдау мен өңдеу ерекшеліктері мен пульттердің конструкциялық байланысын зерттейді, мысалы, аэропорт, атом станциясы және т.б.
2.Жарықтың адам ағзасына әсері Жарық – тіршілік көзінің бір бөлігі. Жарық ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етіп қана қоймай оған биологиялық және қуат күшін береді.
Ал өндіріс ортасын жарықтандыру дәрежесі еңбеккердің жұмыс жағ-дайын жақсартады, шаршауын төмендетеді, еңбек өнімділігі мен өнімнің сапасының жоғары болуына тікелей әсері бар.Жарықтың күн көзіне немесе аспан денелерінен пайда болған түрін – табиғи жарық дейміз де, электр шамы арқылы пайда болған жарықты – жасанды жарық дейміз. Күн көзінің жарық шамасы жердің күнді айналуына, атмосфераның оптикалық жағдайына, ауа райына, жарықтың шағылысуы мен жұтылуына байланысты.
Жай көзге көрінетін жарықтың адам ағзасына әсері рентген толқындарынан айқын айырмашылық жасайды. Ал радиотолқындардың әсері γ-сәулеленуден айырмашылыққа ие. Толқын жиілігі неғұрлым аз болса, оның адам ағзасына қауіптілігі соғұрлым аз болатыны түсінікті. Сонымен, адам ағзасына әсер ету күшіне де, ұзақтығына да, сондай-ақ адам ағзасына әсер етпес бұрын толқын қандай ортадан өткеніне де тәуелді болады.