13-БИЛЕТ 1.Сәтсіз оқиға ұғымы Сәтсіз оқиға (СО) – бұл өндірісітік қауіпті факторлардың адамға әсер етуімен байланысты, жұмыс орнындағы жағдай, ал кейде зиянды өндірістік қауіпті факторлардың әсері. Мысалы, токарь жұмыс кезінде газбен уланып қалды. Токарь есінен танып қалуы мүмкін, осының нәтижесінде, оның құлауы немесе токарь станоктың қозғалғыш бөлігіндегі (айналып тұрған) киім- кешегінің түсіп кетуі салдарынан, өндірісітік жарақат алуы мүмкін.
Сәтсіз оқиғалардың нәтижесінде, адам денсаулығының зақымдалуын, әдетте жарақат немесе травма деп атайды. Ол әртүрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін: Механикалық (кесілуі, сынуы, сіңірінің тартылуы, денесінің көгеріп қалуы, терінің аршылуы, жара, контузия), химиялық (улану,көңіл күйінің нашарлауы, күйік), термиялық (үсік, күйік). Өндірістік жарақаттаржиынтығн, өндірістік жарақаттар деп атайды.
Барлық сәтсіз оқиғалар және оның жай –күйі, «Сәтсіз оқиғалардың тіркелуі мен зерттелуі және жұмысшының денсаулығының зақымдалуын тіркеу ережелерімен» сәйкес себептері тексеріліп зерттеледі. Сәтсіз оқиғалар келесі түрлерге бөлінеді: жеке, топтық, ауыр және өлімге алып келетін.
2.Өндірістегі жарықтың жіктелуі Жарық түрлерімен жүйелері. Жарық түрлері табиғатына байланысты үш түрге бөлінеді: табиғи; жасанды; аралас жарық. Табиғи жарықтық бөлмеге бүйірлік (1 немесе 2-беттік) сырт қабырғадан немесе қабырғадағы терезе арқылы енеді. Жоғарғы – фонарьлар және төбе шамдары арқылы жасалған тесіктерден кіреді; жоғарғы және бүйірлік аралас табиғи, жарықтандыру түрлерін бейнелейді. Аралас жарықтықты табиғи жарық аз болған жағдайда пайдаланады. Ол кезде табиғи жарықтықты электр жарық көздерімен қосымшалайды. Жасанды (немесе электрлік) жарықтықты орындалатын жұмыстарға байланысты жұмыстық, апаттық, зарарсыздандыру, қарауылдық және кезекші жарықтарға бөледі.Табиғи жарықпен қамтамасыз ету Табиғи жарықпен қамтамасыз ету дегенімізді 10-340 000Нм диапазон аралығындағы электромагниттік сәулеленулер деп түсініңіз. 1. Оларды 3 спектрге бөлуге болады: 10-380Нм – ультрафиолет; 380-770Нм – көрінетін спектр; 770-340 000Нм- инфрақызыл түс (свет). Жіктелуі: 2. 1. жанынан (боковое) 2. төбесінен(верхнее) құрама 3. (комбинированное)