5-билет 1 Тағамның көмірсулары, жіктелуі және маңызы. Көмірсулардың қорытылуы. Моносахаридтердің сіңу жылдамдығы мен механизмдері. Көмірсулар белоктармен және липидтермен бipre тағам арқылы түседі. Белоктар, липидтер, көмірсулар төмендегідей қатынаста болуы тиіс (Б:Л:Кс) – 1:1:4. Энергияға кажеттіліктің 50%-ы көмірсулардың есебінен толықтырылады. Тәулігіне адам opганизміне 400-500 г көмірcy түсіп тұруы керек немесе 1000 ккал энергия шығынына 124г.
Тағам көмірсуларының 80%-ын өсімдік полисахаридінің қоры – крахмал (картоп, ұн, күріш) құрайды.
Жануар тектес тағамдарда «жануар крахмалы» - гликоген (ет, бауыр);
энергетикалық - көмірсулардьң 99%-ы энергия түзуге жұмсалады;
пластикалық, құрылымдьқ немесе структуралық - ГАГ-тар, гликопротеидтер және басқа да белоктар (организмдеп барлық дерлік белоктардың құрамында көмірсулар болады), нуклеин қышқылдары, липидтер, глюкуронаттар, мембрана гликолипидтері
қорға жинау - глюкозаның қоры гликоген болып табылады;
сигналдық - көмірсулар рецепторлардың (тану бөлімінің) жэне кейбір гормондардың, мысалы, ТТГ, ФСГ құрамына кіреді. Көмірсулар тіндердің антигендігін қамтамасыз етеді.
қорғаныштық (антигендік қасиетті қамтамасыз етуі).
құрылымдық;
Көмірсулар алмасуы 4 сатыдан тұрады:
І сатысы. Қорытылуы. Бұл сатысы сәйкес гликозидаза-лардың қатысуымен ас қорыту жолдарында жүзеге асады.
2 сатысы.Сіңірілуі. Моносахаридтер ащы ішек эпителийінің микробүрлері арқылы әр түрлі жылдамдықпен сіңіріледі: галактоза > глюкоза > фруктоза > пентозалар. Галактоза, глюкоза екіншілік активті транспорт жолымен сіңіріледі, фосфорланған туындылар iшек жасушаларында кайтадан дефосфорланып, қақпа венасының қанына бос күйінде түседі. Фруктоза мен пентозалар жай диффузия жолымен (пассив) сіңіріледі.
3 сатысы. Аралық алмасу. Моносахаридтер ішекке сіңірілгеннен кейін қақпа венасының қаны арқылы алдымен бауырға түседі. Ішектен бауырға түскен моносахаридтер метаболизмге ұшырап, бауырда глюкозаға айналуы мүмкін.
4 сатысы . Сонда үлкен қан айналымына түсетін бірден бip моносахарид глюкоза болып табылады.