1-билет Гормондар, түсінік. Химиялық табиғаты бойынша жіктелуі


-билет 1 Тағам липидтері, жіктелуі. Триацилглицериндердің, фосфолипидтердің, холестериннің маңызы



бет11/17
Дата26.04.2023
өлшемі45,53 Kb.
#87133
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
8-билет
1 Тағам липидтері, жіктелуі. Триацилглицериндердің, фосфолипидтердің, холестериннің маңызы.
Липидтер - суда ерімейтін, органикалық еріткіштерде (эфир, хлороформ, бензолда) еритін заттар тобы.
Липидтердің жіктелуі: Олар 2-ге бөлінеді Жай және күрделі
Жай липидтерге – 1.глицеридтер ТАГ,ДАГ,МАГ .2.Балауыз .3. Стеридтер
Күрделі липидтерге - .1.Фосфолипидтер .2. Гликолипидтер .3.Холестерол
Тағамдық липидтер:триацилглицерол (ТАГ),фосфолипид,холестерол
ТАГ маңызы 1. Энергия көзі. 1г майлар тотыққанда 38,9 кДж энергия бөлінеді.2. Эндогенді судың көзі. 100 г май тотыққанда 107 г су түзіледі.3. Еріткіштік қызметі- майда еритін витаминдердің сіңірілуіне қажет.4. Дене температурасын тұрақты ұстап тұруға қатысады.5. Мүшелер мен тіндерді механикалық зақымдалудан қорғайды.
Фосфолипидтердің (ФЛ) маңызы .1.Құрылымдық ролі – биологиялық мембраналарды түзеді.2.Хиломикрондар мен липопротеиндердің құрамына кіріп қан арқылы суда ерімейтін липидтерді тасымалдауға қатысады.3.Кефалиндер (фосфатидилэтаноламин) қанның ұюына қатысады.4.Липотроптық қызметі- бауырды май басудан қорғайды.5.Сурфактант құрамына кіріп өкпедегі қалыпты тыныс алуды қамтамасыз етеді.
Холестериннің (ХС) маңызы1.Құрылымдық ролі- биологиялық мембрананың липидтерінің 30% құрайды. Оның сұйық күйін қамтамасыз етеді.2. Диэлектрик қызмет атқарады- нерв тінінде миелин қабығын түзе отырып нерв импульстерінің жылдам берілуіне қатысады.3. ФЛ-тер құрамындағы КҚМҚ пероксидтік тотығудан қорғайды.4. Пластикалық қызметі-холестериннен өт қ-ры, стероидты гормондар, Д3 витамині түзіледі.5. ХС-нен канцерогенді қосылыстар түзілуі мүмкін.6. ХС алмасуы бұзылғанда атеросклероз, өт-тас ауруы дамиды
2. Көмірсулардың қорытылуы . Гликозидазаларды атап кету
Көмірсулар алмасуы 4 сатыдан тұрады:
1 сатысы. Қорытылуы. Бұл сатысы сәйкес гликозидаза-лардың қатысуымен ас қорыту жолдарында жүзеге асады.
2 сатысы.Сіңірілуі. Моносахаридтер ащы ішек эпителийінің микробүрлері арқылы әр түрлі жылдамдықпен сіңіріледі: галактоза > глюкоза > фруктоза > пентозалар. Галактоза, глюкоза екіншілік активті транспорт жолымен сіңіріледі, фосфорланған туындылар iшек жасушаларында кайтадан дефосфорланып, қақпа венасының қанына бос күйінде түседі. Фруктоза мен пентозалар жай диффузия жолымен (пассив) сіңіріледі.
3 сатысы. Аралық алмасу. Моносахаридтер ішекке сіңірілгеннен кейін қақпа венасының қаны арқылы алдымен бауырға түседі. Ішектен бауырға түскен моносахаридтер метаболизмге ұшырап, бауырда глюкозаға айналуы мүмкін.
4 сатысы . Сонда үлкен қан айналымына түсетін бірден бip моносахарид глюкоза болып табылады.
ГЛИКОЗИДАЗАЛАР:*α -амилаза (сілекей,ұйқы безі сөлі,
дәнекер тіні) рН 6.5-6.8; 7.5-8.0*Гамма-амилаза (бауыр)*Мальтаза (ішек сөлі, энтероцит)
*Лактаза (ішек сөлі, энтероцит)*Сахараза (ішек сөлі, энтероцит) .
ГЛИКОЗИДАЗАЛАР АСКАЗАНДА ЖОҚ
3 Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 69 мкМ/л-ге тең, тікелей және тікелей емес билирубин жоғарылаған, зәрі қараңғы, нәжісі әлсіз боялған. Осы күй қалай аталады? Ол қашан байқалады? Қанда қандай индикаторлық ферменттер жоғарылайды?
Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің қалыпты мөлшері 8-20 мкмоль/л: тікелей –7мкМ/л дейін; тікелей емес –13мкМ/л дейін болады. Қандағы билирубин мөлшерінің артуы оның тіндерде жиналуына, соның ішінде тері мен кілегей қабаттарында жиналып, тіндердің сары түске боялуы сарғыштану деп аталады. Сарғыштанудың бірнеше түрлері бар. Бұл жағдайдағы сарғыштануды паренхиматоздық немесе бауырлық сарғыштану деп айтамыз. Паренхиматоздық (бауырлық) сарғыштану бауыр жасушаларының вирустармен және бауыр үшін улы болатын препараттармен зақымданғанда пайда болады. Бауыр жасушалары зақымданғандықтан, бос билирубин залалсызданбайды. Бауыр жасушаларының зақымдануы нәтижесінде қанда тікелей билирубиннің де, тікелей емес билирубиннің де мөлшері артады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет