Ішкі аурулар пропедевтикасы
№ 1 БИЛЕТ
Ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы.
Ғылыми-клиникалық медицинаның негізі алғаш рет Грецияда пайда болды деп есептелінеді.Біздің дәуірімізге дейінгі 460-377жж. Гиппократ книд және косс мектептерін ашқан.Оның айтуынша,сырқаттың жағдайы туралы тұжырым науқасты ұстап сезудің,естудің,иіс және дәм сезудің нәтижесінде жасалады.
Медицина ғылымының негізін қалауда Гиппократтан кейін Әбу-әли Ибн-Синаның(Авиценна-б.д.д. 980-1037жж.)үлесі өте зор.Оның "Дәрігерлік ғылымның каноны"аталған еңбегі осы күнге дейін мағынасын жойған жоқ.XVIII және XIX ғасырларда Еуропа елдерінде жаңа зерттеу әдістері пайда болады:термометрия(1758жыл-де Гаен),перкуссия (1761 жыл - Л.Ауэнбруггер),аускультация(1891 жыл-Лаэннек),анамнез жинау (1875жыл-М.Я.Мудров, Г.А.Захарьин),құрсақ қуысы органдарының әдістемелік пальпациясы(1887жыл-В.П.Захарьин).
Достарыңызбен бөлісу: |