Василенко Владимир Харитонович(1897-19870)-белгілі терапевт,ғалым,педагог.Ұстазы Н.Д.Стражескомен созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігін жіктеуді ұсынған.Ол жүрек ауруларынан басқа,асқазан және ішек ауруларын да зерттеген, оның жалпы ішкі ауруларды емдеу,клиникалық диагнозын қою салаларындағы еңбектері өте көп.Ол көп жылдардан бері қайта басылып жүрген "Ішкі аурулар пропедевтикасы"кітабының авторы.
Тыныс алу органдарының аурулары бар науқастардың шағымдары, Гемоптиз және өкпе, қан кету, асқазаннан қан кетуден айырмашылығы. Диагностикалық маңызы.
Ауруладың негiзгi немесе басты арыз-шағымдары: кеуденiц шаншуы (ауруын сезiну), жетелу, какырык тастау, кан түкiру немесе қан кету, ентiгу, демiкпе, дене ыстығының көтерiлуi.
Қосымша шағымдары: бас ауруы,тәбетінің төмендеуі,шаршағыштық, енжарлық
Жөтел - рекфлекторлы қорғанысты жауап.
Жетелудiң негiзгi себептерi:
-бiрiншiден, сырттан көмей арқылы тыньс алғанда түсетін заттарга рефлекторлы жауап ретiнде жөтел пайда болады.
-екiншiден, iштен, яғни бронхтан көмекейден шығатын қақырықты, сiлекейдi т.б. заттарды сыртқа шығаруға жөтел жәрдемдеседi.
Жөтел темекi тартатын адамдарда жиі кездеседi.
Өкпе-бронх қабыну ауруында (бронхит,пневмония)
Тәулiк бойы жөтел үнемі болып турады, әсiресекешке қарай күшейе түседi.
Өкпеде қатерлi iсiк пайда болғанда (рак) оқтын-оқтынкұрғақ жөтел болыл, науқасты шаршатады
Бронхоэктаза ауруында көбiнесе жөтел кақырықпен бiрге болады, ол әсiресе жиі мазалап, кейiн саябырлайды, ал кейде кешке қарай тағы да күшейедi.
Сол сиякты туберкулез ауруында кейде жөтел кеуде
сырылымен бiрге пайда болады.
Ентiгу, басқаша айтқанда ауа жетпеу. Бұл белгiнiң себебi көп.
Ентiгу тыныс жолдары тарылғанда, тыньсжолдарында бiр нәрсе тұрып қалса немесе iсiк пайдаболса, бронх бұлшық еттерi жиырылғанда, тiптi
сыртынан қыскан жағдайда, (сол сияқты өкпе қабының арасына су жиналып, өкпе қысылғанда пайда болады.
Өкпенiң тыныс алу бетiнiң кемуi (өкпенің қабынуы,эмфизема), кеуденiң бұлшық еттерiнiң турлiсебептермен тынысы төмендеп, қимылдай калғандапайда болады.
Ентiгудiң үш түрi болады:
дем алудың қиындауы (инспираторлы)
дем шығарудың қиындауы(экспитаторлы)
аралас түрi.
Ентігудің ең ауыр түрін демікпе деп атайды.
• Бұл көбiнесе бронх астмасында , балаларда бронхиолит кезінде жиi кездеседi.
• Бұл кезде тыныс жолымен ауаны шығару қиындайды,өйткенi кiшкене бронхтардың бұлшық еттерi жиырылып, iшкі қабаты ісiнiп,
сұйық жиналуы,бронхтар тарылып, өкпеден ауаның шығуы нашарлайды.
• Ентiгудiң патогенезiндегі басты себеп оттегiнiң азайып, көмiр қышқыл газының көбеюiнде, бұл тыныс алу орталығын
қоздырады.
Қақырық көбінесе жөтелмен шығады. Түрі, түсі, консистенциясы әр түрлi болады.
Кiлегейлi, iрiңдi болуы мүмкін. Кейде қан аралас та шығады. Бұндай жағдай бронхтардың, көбiнесе өкпенiң созылмалы және жедел қабынуында
байқалады. Бұл әсiресе бронхоэктаз ауруында көбірек кездеседi, сол сияқты өкпе туберкулезінде де орын алады.
Өкпенiң кандай бiр сырқатында болмасын жиiкездесетiн симптом - кақырық тастау.
Қақырық пен қан тастау көбiнесе бронхоэктазауруында, екпе туберкулезiнде, тыныс жолдарының iсiгiнде, кейде өкпеде iрiң жиналғанда пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |