Жүрек тонының номенклатурасы. Олардың пайда болу механизмі, жүрек циклінің фазаларына қатынасы .Ең жақсы тыңдау орындары.
І тон жүрек ұшында және 3-жармалы қақпақша нүктесінде жақсы есітіледі; ІІ тон жүрек негізінде жақсы есітіледі;
І тон төмен, ұзақ және үлкен үзілістен кейін тыңдалады;
ІІ тон биік, қысқа және кіші үзілістен кейін тыңдалады;
І тон ырғағы жүрек ұшы түрткісі мен ұйқы артериясының соғуына сәйкес келеді, ал ІІ тон ырғағы сәйкес келмейді;
І тон –систолалық, І тон – диастолалық;
І тонның 4 құрастырушысы бар, ал ІІ тонда- 2 құрастырушы дыбыс.
Жүрек аускультациясы. Аускультация 5 тыңдау нүктесінде жүргізіледі:
Митральды қақпақшаны тыңдау:
-жүрек ұшы түрткісін пальпация арқылы анықтау;
-сол жерді тыңдау (қалыптыда 2 тонда тыңдалады, 1 -ші тон жақсы естіледі);
Аорта қақпақшасын тыңдау
-төстің оң маңы ІІ қабырға аралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);
Өкпе бағанасы қақпақшасын тыңдау
-төстің сол маңы ІІ қабырғаралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);
3-жармалы қақпақшасын тыңдау:
-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 1-ші тон жақсы естіледі);
Аорта қақпақшасын қайта тыңдау:
-төстің сол қырына 3-4 қабырғалардың жанасқан жерін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2 тон жақсы естіледі);