1-билет. Жасуша туралы ғылым


-билет. Обыралды жағдайдың туындауы



бет11/39
Дата25.11.2023
өлшемі178,37 Kb.
#126061
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
1-билет. Жасуша туралы ғылым-emirsaba.org

7-билет.


  1. Обыралды жағдайдың туындауы.

Қатерлі ісік біздің денеміздегі жасушалар әдеттегіден өзгеше әрекет ете бастағанда пайда болады-олар бақылаусыз өседі, көбейеді және таралады. Қатерлі ісік-бұл дене жасушаларының ауруы. Бұл рак клеткаларының көбеюіне әкеледі.



Қатерлі ісіктің себептері қандай болуы мүмкін?
Қатерлі ісіктің негізгі себептері:
Дұрыс тамақтанбау
Семіздік, отырықшы өмір салты
Темекі шегу, есірткі, алкогольді қолдану
Сыртқы факторлар-радиацияның, өнеркәсіптік шығарындылардың әсері
Тұқым қуалаушылық
Вирустар
Депрессия
Иммунитеттің әлсіреуі



  1. Овогенез.


Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет