1-билет. Жасуша туралы ғылым



бет20/39
Дата25.11.2023
өлшемі178,37 Kb.
#126061
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
1-билет. Жасуша туралы ғылым-emirsaba.org

Сақтандырушы рең – көбінесе улы және шағатын жәндіктере тән белгі. Улы жылан, плащты кесіртке, батбат кесіртке, сона мен аралар түрлі түсті жолақты ашық реңіне және айбат шегуіне байланысты бірдең көзге түседі.
Қорғаныш рең. Бейімділіктің бұл түрі қорғана алмайтын жәндіктерде байқалады. Кейбір қауіпсіз жәндіктер пішіні, реңі және мінез–құлқы тұрғысынан улы , шағатын , қауіпті жәндіктерге ұқсайды. Мысалы, шағатын шыбын, әдетте, араға ұқсас келеді, улы емес жыландар улы жыландарға ұқсайды.


12-билет.


  1. Интерфаза.

Митоз-дене жасушаларының бөлінуі.Митоздық бөліну кезінде 1 диплоидті жасушадан генетикалық материалы теңдей бөлінген 2 диплоидті жасуша түзіледі.Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі осы интерфазада жүреді.



Интерфазанын өзі бірнеше кезеңнен тұрады;
1-ЖАСУШАНЫҢ ДНҚ СИНТЕЗІНЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ-ол кезде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жылдам жүріп,ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсендігі жоғарылайды.
2-ДНҚ-ның СИНТЕЗДЕЛУ КЕЗЕҢІ-ДНҚ молекуласының екіеселенуі белгілі бір тәртіппен жүреді.Жаңа молекула міндетті түрде ескі молекулаға ұқсас болады.ДНҚ синтезінің ұзақтығы әр жасушада әр түрлі болады;бактерияда бірнеше минут,сүтқоректілер жасушасында 6-12 сағат.
3-ДНҚ СИНТЕЗІНІҢ АЯҚТАЛУ ЖӘНЕ МИТОЗДЫҢ БАСТАЛУ КЕЗЕҢІ-мұнда жасушаның митозға дайындығы толық ачяқталады.Митоздық бөліну жүзеге асуы үшін жасушаға басқа да дайындық процестері қажет,яғни жасуша орталығының екі еселенуі,нәруыздар синтезі және олардан жасушаның өсуін аяқтайтын ахроматин жіпшелері құрайды



  1. Мендельдің екінші заңы.

Мендельдің бірінші заңында бірінші ұрпақта бір келкілік сақталады ол бізде біркелкілік заңы яғни Мендельдің 1-інші заңы деп аталды.

Ал,екінші ұрпақта біркелкілік заңы сақталмайды,белгілердің ажырауы байқалады.Яғни онда бірыңғай гетерозиготалы немесе бірыңғай гомозготалы болса,екінші ұрпақта гомозиготалы ұрпақта,гетерозиготалы ұрпақта шығады.Ол бізде Меңдельдің 2-ші заңы немесе ажырау заңы деп аталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет