1-билет. Жасуша туралы ғылым


-билет. Жасушалық цикл, кезеңдері



бет18/39
Дата02.09.2022
өлшемі90,84 Kb.
#38379
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Биология копия

11-билет.

  1. Жасушалық цикл, кезеңдері.



Жасушалық цикл-аналық жасушаның бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік бөлінуге дейінгі кезең.Жасушалық цикл ұзақтығы ағзаның ерекшелігіне,даму типіне байланысты.
Жасушалық цикл 3 кезеңнен тұрады:Интерфаза,Митоз,Цитокинез
1. Митоз-дене жасушаларының бөлінуі.Митоздық бөліну кезінде 1 диплоидті жасушадан генетикалық материалы теңдей бөлінген 2 диплоидті жасуша түзіледі.Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі осы интерфазада жүреді.
Интерфазанын өзі бірнеше кезеңнен тұрады;
1-ЖАСУШАНЫҢ ДНҚ СИНТЕЗІНЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ-ол кезде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жылдам жүріп,ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсендігі жоғарылайды.
2-ДНҚ-ның СИНТЕЗДЕЛУ КЕЗЕҢІ-ДНҚ молекуласының екіеселенуі белгілі бір тәртіппен жүреді.Жаңа молекула міндетті түрде ескі молекулаға ұқсас болады.ДНҚ синтезінің ұзақтығы әр жасушада әр түрлі болады;бактерияда бірнеше минут,сүтқоректілер жасушасында 6-12 сағат.
3-ДНҚ СИНТЕЗІНІҢ АЯҚТАЛУ ЖӘНЕ МИТОЗДЫҢ БАСТАЛУ КЕЗЕҢІ-мұнда жасушаның митозға дайындығы толық ачяқталады.Митоздық бөліну жүзеге асуы үшін жасушаға басқа да дайындық процестері қажет,яғни жасуша орталығының екі еселенуі,нәруыздар синтезі және олардан жасушаның өсуін аяқтайтын ахроматин жіпшелері құрайды.
2. Митоз-дене жасушаларының бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің бір түрі, ол ДНК ақпаратын толық қатесіз кошіреді, жаңа жасуша тудырады.Митоз 4 фазадан тұрады:Профаза,Метафаза,Анафаза,Телофаза
1-Профаза- уақыты бойынша ең ұзақ,ширатылу мен конденсация процестері жүреді,хроматидтер қалыңдап қысқарады.Центриольдер жасуша полюсіне ажырайды,ядрошық кішірейеді.
2-Метафаза-Бөліну ұршығының қалыптасуы аяқталады.Микротүтікшелер хроматидтердің 2 жағына бекініп,оларды қозғалысқа алып келеді.Хромосомалар максимальді спирализацияланады,экватор аймағына орналасып,метафазалы пластинка түзеді.
3-Анафаза-өте қысқа фаза.Хроматидтер арасындағы байланыс жоғалады және полюстерге ажырайды.Жеке хромосомаларға айналады.Хромосоманың қозғалуын микротүтікшелер ұзындығының өзгеруі қамтамасыз етеді.
4-Телофаза-Хромосомалар жасуша полюстеріне жетеді,деспирализацияланып,ұзарады.Бөліну ұршығы жойылып,әрбір хромосомалар айналасында көпіршіктерден ядро қабықшасы түзіледі,ламина және ядрошық қалыптасады.
3.Цитокинез-жасуша денесі ядролар арасында бөлінеді.Жасуша экваторында цитоплазмалық мембрана ішк қарай ойық түзеді.Жасуша толығымен 2 жасушаға бөлінеді.Жасуша органеллалары-ЭПТ,Гольджи аппараты қайта қалпына келеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет