8.3 Кассир-оператордың клиентке қызмет көрсету жетi кезеңi: 1) клиенттi күлiмсiреп қарсы алу және амандасу;
2) тауарларды ұсынып, сатып алуға көмек беру;
3) төлем сомасын клиентке (колонканың нөмiрiн, машинасының түсiн, нөмiрiн және маркасын сұрау) хабарлау;
4) төлемдi қабылдап, қайырмасын беру;
5) тауарларды пакетке салып беру;
6) тауарлық чек беру;
7) Рақмет, және келiп тұрыңыз! – деп айту.
1.Клиенттi күлiмсiреп қарсы алу және амандасу: Клиент дүкенге кiргенде қызметшi жұмыстарын тоқтатып, күлiмсiреп қарсы алып, клиентпен амандасу керек, мысалы: “қайырлы таң, қош келдiңiз”.
2. Тауарларды ұсынып, сатып алуға көмек беру: Егер қажет болса – клиентке тауарлар тұған орнын көрсету керек немесе тауарлық сөрелер жанына арнайы алып бару керек.
Сатушы тауарлар жөнiнде, әсiресе мотор майлары және т.б. бойынша клиенттiң техникалық сұрақтарына жауап беру үшiн қажеттi бiлiмi болу керек.
Жағдайға байланысты тауарларды ұсынудың әр түрлi әдiстерiн қолдану керек.
3. Төлем сомасын клиентке (колонканың нөмiрiн, машинасының түсiн, нөмiрiн және маркасын сұрау) хабарлау: Сыпайы түрде клиенттен құйылатын отынның маркасын сұрап, машинасы тұрған колонка нөмiрiн анықтау
4. Төлемдi қабылдап, қайырмасын беру: Сыпайы түрде клиентке ақшасын алу барысында құйылған отын санын және төлеу сомасын хабарлау керек, алынған соманы нақты қайталап, қайырмасын берiп, “мырза, мiне сiздiң қайырылған ақшаңыз” – деу керек.
5. Тауарларды пакетке салып беру: 1) тауарларды пакетке салып беру керек. Ыстық және мұздай тағамдар, химиялық тауарлар бiр-бiрiнен бөлек салыну керек.
2) Тауарлардың жарамдық мерзiмiн қайта тексерiп, iске асыру реестiрiне атауларын дұрыс енгiзу керек.
6. Фискалдық чектi ұрып беру: Фискалдық чектi ұрып беру керек. Клиенттiң талабы бойынша фактура-шотын жазып беру керек.
7. Рақмет, және келiп тұрыңыз! – деп айту: 1) Клиентке шын көңiлден ” Рақмет, және келiп тұрыңыз!”– деп айту керек
2) Клиенттiң дүкенде жеке заттары қалып кетпеуiн тексеру керек.
3) Мүмкiн болса клиентке есiк ашу.