Механикадағы абстрактылы шамалар.
Физика есептерін шығарғанда, есептердің шартына қарай абстрактылы шамалар қолданылады. Абстрактылы шамалар – табиғатта кездеспейтін шамалар, мысалы:
Материалдық нүкте – пішіні мен өлшемі есептің шартына қарай ескерілмейтін дене.
Абсолют қатты дене – деформациясы Гук заңына бағынатын және сыртқы күштің әсері тоқталғаннан кейін өзінің өлшемі мен пішініне қайтып оралатын дене.
Абсолют серпімсіз дене – сыртқы күштің әсері тоқталғаннан кейін деформациясын сақтайтын дене.
Қозғалыстың жалпы түрлері
Кез келген қатты дененің қозғалысы ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардан тұрады.
Ілгерілемелі қозғалыс деп – қозғалатын денемен байланысты түзудің өзіне-өзі параллель қозғалуын айтады.
Айналмалы қозғалыс деп – дененің барлық нүктелерінің айналу осі арқылы шеңбер жасай қозғалуын айтады.
Жылдамдық – уақыт мезетіндегі қозғалыстың шапшаңдығын білдіретін векторлық шама.
Лездік жылдамдық берілген нүктедегі радиус-вектордың уақыт бойынша бірінші туындысын айтады:
Тангенциалды үдеу шамасы:
Нормальдық үдеудің шамасы:
Толық удеу:
Бұрыштық үдеу – бұрыштық жылдамдықтың уақыт бойынша туындысы немесе бұрылу бұрыштың уақыт бойынша екінші туындысы:
,
Механиканың негізгі заңы ретінде Ньютонның үш заңы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |