дидактикада оқыту процесін ұйымдастыруға, оның мазмұны,
формасы мен әдістеріне қойылатын маңызды талаптар ретіндегі қағидалар
талданған. Бұл бірыңғай талаптар дидактикалық қағидалар немесе оқыту қағидалары деп аталады. Оқыту процесін оқыту қағидаларына сай
ұйымдастыру оқытуды ғылыми негізде құруға мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту қағидасы оқытудың белгілі заңдылықтарын және
мектептің озық оқу-тәрбие жұмысын білдіреді, ол әркез өзгермейтін
заңдылық емес, оны мұғалімдер басшылыққа алады. Дидактикалық талаптар
мектеп пен қоғам алдына қойылған талаптардың өзгеруіне сай өзгеріп
отырады. Сонымен, математиканы оқыту қағидасы - ғылыми-педагогикалық заңдылықтармен талдаудың нәтижесінде туындайтын жағдайларға негізгі
бағыт беруші ережелер болып табылады. Белгілі орыс дидактиктері
М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин өздерінің зерттеулерінде оқыту
қағидалары-дидактиканың категориялары болып табылады, оқытумен
тәрбие берудің мақсаттарына сай заңдар мен заңдылықтарды қолдану
тәсілдерін сипаттайды. Математиканы оқыту қағидалары - барынша жалпы
нормативті білім туралы оны қалай құрауға болатынын тәрбиелеу мен
оқытуды жетілдіру мен іс-жүзіне асыру жөніндегі қызметтің қағидасы. Бұл
қызметтің заңдылығы-мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының нормасын
жасаудың теориялық негіздері болып табылады.