9-билет
1. Фотоэффект. Фотоэффектің теориясы. Фотоэффектіні пайдалану.
Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект (фотоэффект) деп атайды.
Кванттық көзқарас бойынша жарықты таситын әрбір бөлшек фтон бір квант энергияға ие болады: E=hv h-планк тұрақтысы=6,62*
Электронның металдан босап шығуы үшін оған берілетін ең аз энергияны электронның шығу жұмысы деп атайды.
Жарық фотонының энергиясы электронның шығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады:
hv=Aшығу+ Бұл Энштейн формуласы.
Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектің қызыл шекарасы деп атайды.
Фотоэффект өндірісте, тұрмыстық техникада, ғарыш аппараттарында кеінен қолданылады. Сонымен қосы көбіне фототелеграф, теледидар, дыбысты кинода қолданады.
2. Денелердің ауырлық күші әсерінен қозғалуы.
Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі—денелердің Жерге тартылу күші. Бұл күшті ауырлық күші деп атайды.
Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің Жерге тартылу күші
F=G формуласымен өрнектеледі, мұндағы m — дененің массасы, Мж—Жердің массасы, R—Жердің радиусы, һ—дененің Жер бетінен биіктігі.
Ауырлық күші денеге еркін түсу үдеуін тудырады. Ньютонның екінші заңына сәйкес:
g= формуланы ескере отырып, Жер бетінен һ биіктіктегі еркін түсу үдеуінің модулі үшін: g=G өрнегін аламыз, ал Жер бетінде (һ = 0) g=Gболады.
100 км-ге дейінгі биіктікте еркін түсу үдеуін шамамен 9,8 м/с2-ка тең деп есептеуге болады.
Әйтсе де Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі барлық жерде бірдей емес. Жер дәл шар пішіндес болмағандықтан және оның өз осінен айналуы себепті, еркін түсу үдеуі Жердің географиялық ендігіне байланысты болады. Мысалы, полюсте еркін түсу үдеуі 9,83 м/с2, экваторда 9,78 м/с2, ал 45° ендікте 9,81 м/с2.
3. Берілгені: Шешуі:
m=50кг mU1+MU2=(m+M)U U= =3м/с
M=100кг U= Жауабы: 3м/с
U1=5м/с
U2=2м/с
Табу керек:
U=?
Достарыңызбен бөлісу: |