1-билет Механикалық қозғалыс. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық


-билет 1. Жылу қозғалтқыштар. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і



бет16/35
Дата06.01.2022
өлшемі119,78 Kb.
#15616
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
физика билет

14-билет

1. Жылу қозғалтқыштар. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.

Жылу машиналары деп жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін құрылғыларды айтады.

Алғашқы бу машинасын 17ғ. 90-жылдары француз Д.Папен ойлап тапты(1690). Ол өте қарапайым еді.

Барлық қозғалтқыштрда алдымен отынның энергиясы жоғары тесператураға дейін қыздырылған газдың немесе будың ішкі энергиясына түрленеді.

Барлық жылу қозғалтқыштары 3 бөліктен тұрады: отынның энергиясы бөлініп шығатын қыздырғыш, бу немес газ болып табылатын жұмыс денесі, пайдаланылмай қалған жылу мөлшерін алатын тоңазытқыш.

Жылу машиналарының пайдалы әрекет коэффициенті істелген жұмытсың қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасына тең:



η= Қозғалтқыштың ПӘК-і әрқашан бірден кіші 100%-дан аспайды..

2. Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның өзгеруі. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.

Ең шеткі нүктелер мен теп-теңдік күйден басқа барлық аралық нүктелерде дененің кинетикалық және потенциалдық энергиялары болады әрі олар периодты түрде өзгеріп отырады, яғни кинетикалық энергия артқан кезде потенциалдық энергия кемиді және керісінше. Бірақ олардың қосындысы, яғни тербеліп тұрған дененің кез келген жағдайдағы толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады.

Сөйтіп, гармоникалық тербелістер кезінде кинетикалық және потенциалдық энергиялар өзара түрленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет