Термодинамиканың бірінші заңы: жүйеге берілген жылу Q оның ішкі энергиясының өзгерісіне U және жүйенің сыртқы денелерге қарсы істейтін А жұмысына жұмсалады.
Q= U+A
A=0 болса, Q= U болады. Егер газ қыздырылса, онда Q>0 және U>0-газдың ішкі энергиясы артады.
Кез келген машина тек сырттан алынған жылу немесе ішкі энергияның кесуі есебінен сыртқы денелерге қарсы жұмыс істей алады. Сондықтан бірінші ретті мәңгі қозғалтқышты жасау мүмкін емес.
Термодинамиканың екінші заңы: екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес. Термодинамиканың екінші заңы бір дененің салқындауының есебінен ғана жұмыс істейтін машинаны жасау мүмкіндігіне тыйым салады.