Атмосфералық қысымның тек биіктікке ғана емес, сонымен бірге ауа райына да байланысты екенін Паскаль да, Торричелли де дәлелдеген. \Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін пайдаланып, биіктікті көрсететін құрал альтиметр деп аталады.
Манометр - қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық сұйық манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады. Түтікке қандай да бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын өлшеу үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын өлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен жалғасады.