1-билет Науқасты Фаулер қалпына жатқызу



бет27/68
Дата02.06.2023
өлшемі193,92 Kb.
#98302
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
ответы

Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкерлердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.
Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, 70% этил спиртін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.
2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.
4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.
5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:
- алақанды алақанмен;
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;
- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;
- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;
- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;
- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.
Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.
6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары ұстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).
7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.
8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.

3) ДӘРІЛІК КЛИЗМАНЫ ҚОЮ


Мақсаты: емдік: жуан ішекте орналасқан (жергілікті әсері) қабыну процесінде немесе ағзаға толығымен әсер ету (жалпы әсері) мақсатымен, басқа да әдістерімен дәрілерді енгізүге мүмкіншілігі болмаса тік ішек арқылы дәрілік затты енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет