1-билет Науқасты Фаулер қалпына жатқызу



бет30/68
Дата02.06.2023
өлшемі193,92 Kb.
#98302
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
ответы

Ескерту:
- санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 450 бұрышпен енгізеді;
- майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;
- инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;
- майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.
12-билет
1) Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің өз жұмысында әдептіліктің ролін зерттейтін ілім. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез – құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым – қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі «Гиппократ анты», ол 2400 жыл бойы әйгілі.
«Гиппократ анты» - негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін сөздері өзекті болып тұр:
1. «Қауіп келтірме». Әрбір ем барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.
2. Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.
3. Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.
4. Дәрігер кәсіби этикасын, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.
Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері : моральдық принцип бойынша іс әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қандай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары адамгершілікті кәсіптің салт-дәстүрлерін сақтау қажет.
Адамдар бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты принциптілік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен, жолдастарымен, достарымен өзара қамқорлықпен сыйластық қарым - қатынасты сақтау қажет. Медициналық этикаға медицина қызметкерлерінің жұмысына тән ерекшеліктері мен қоғамдағы орнына қарай мінез-құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады.
Науқасқа толық сеніммен қарау арқылы Сіз оның жағдайын түсінесіз, араларыңызда шынайы қарым – қатынас туындайды. Бұл дұрыс емдік нәтижеге жету үшін өте қажет.
Мейірбике алынған ақпаратты құпия түрде сақтауы керек және оны айтпауы қажет. Мейірбике қызығушылық танытқан таныстарының сұрауы бойынша диагнозды немесе анализдердің нәтижесін айтуға тиісті емес.
Медициналық этикада келесі принциптер қолданылады:
1. Жеке адамды құрметтеу.
2. Автономия.
3. Жақсылық жасау.
4. Зиян келтірмеу.
5. Шындықты айту.
6. Құпияны сақтау.
7. Әділдік.

2) ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ


Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет