Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер етуге (қантышқақ, бейспецификалық ойық жаралы колит), жалпы әсерін тигізу үшін құрысып-тырысуда, қозуда, дәрілік затты тік ішекке енгізу.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кетуде, жуан ішек және анус аймағындағы жедел қабыну немесе ойық жара процесінде. Тік ішектің қатерлі ісігінде, ас-қорыту жүйесіне операция жасағаннан кейінгі бірінш күндерде, анус аймағының сызатында немесе тік ішектің түсүінде, қанаған геморройда.
11-билет
1) Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.
Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.
Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.
Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.
Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.
Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.
Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.
Тану процесінде түтіктін қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егерде түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.
2) Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің семуі (некрозы) болуы мүмкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.
Ойылулардың пайда болуының себептері:
1. Күтімнің нашарлығы. 2. Салдану. 3.Тері сезімталдығының бұзылуы. 4. Қан айналымының бұзылуы. 5. Дене қызуының көтерілуі. 6. Қоректенудің бұзылуы. 7. Зәр мен нәжістің ұсталмауы. 8. Анемия. 9. Наркоздың немесе наркотиктердің әсерінде болу. 10.Егде жас. 11.Жайылған ісінулер. 12.Ыңғайсыз төсек, онда тамақтың, дәрілердің ұнтақтарының, дөрекі тігістердің болуы. 13.Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпты болуы. 14.Төсек орын мен іш киімдердің таза болмауы. 15.Науқастың ессіз болуы. 16.Зат алмасу үрдістерінің айқын бұзылуы.
Ойылулардың алдын алу:
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.
3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.
4. Резеңке шеңберлер қолдану.
5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.
Алдымен бозару, содан кейін тері қызарып, ауырсыну, ісігу пайда болады, содан соң сүйек қабығының қамтылуымен жаралар жәнее емдеу дамиды. Зақымданған тері арқылы инфекция тусуі мумкін, бұл ірінге және қанның кағындысына (сепсис) әкелуі мүмкін.
Ойылулардың пайда болуы - науқас күтімінің жеткіліксіздігін керсетеді!
Ойылулардың емі алдын алу шараларынан күрделі. Алғашқы кезеңдерде зақымданған жерді 5 - 10% йод ерітіндісімен, 1% бриллиант жасылмен сүрту, физиотерапиялық ем жүргізіледі. Асептикалық тану жасалады. Егер ойылулар пайда болса, оны калий перманганатының 5 -10% ерітіндісімен сүртіп, Вишневский майымен, синтомицин және т.б. таңу қажет. Некрозда - маймен таңу. жалпы күшейту емі (қан құю, плазма), кейде операция - теріні ауыстыру қолданылады. Кейінгі кезде -ируксол деген препарат ұсынылады. Ол тәулігіне 2 рет 2 мм қалыңдыкта дымқыл таңу түрінде жасалады.
Науқастың денсаулығы бұзылмас үшін оны әртүрлі қосымша аурулардан алдын ала қорғау керек. Мысалы, ауруханада немесе үйде жатқан науқас адам жеке басының тазалығын үнемі сақтап отырса, онда бұл науқастың тезірек жазылатындығы сөзсіз. Науқас адамның жағдайы неғұрлым ауыр болса, онда оны күту де соғұрлым қиын болады. Науқастың күтімі нашар болып, ағза күрт әлсірегенде, дененің қысым түскен жерлері ойылады.
І кезең: Циркуляторлы бұзылулар кезеңі
Белгілі бір тері аймағының бозаруымен соңынан венозды гиперемиямен және шекаралары анық болмаған көгерумен сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда мұздай болады.
ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер және іріңдеу кезеңі
Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.
ІІІ кезең: Жазылу кезеңі
Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және дефекттің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.
Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі
1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу.
2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді, құрғақ таңғыш байлайды.
3-ші кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді. Ол кезде ультракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, облепиха майы), арасына дөңгелек резеңке салу қолданылады.
4-ші кезеңде терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады.
3) БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Достарыңызбен бөлісу: |