1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектілігін айқындау



бет11/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83
5. Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектілігін айқындау
XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы қоғамдық қозғалысқа ат салыскан әлеуметтік күштердің орнын ауыстыру, қазақ коғамындағы таптық қайшылықты көпе-көрнеу асыра бағалау, осы негізде қисынсыз теориялық тұжырымдама жасау етек алды. Ал, шын мәнінде, сан жағынан тым аз әрі тап ретінде қалыптасып үлгермеген қазақ жұмысшыларының да, егіншілікке жарамды құнарлы жерінен айырылған қазақ бұқарасының да, қоғамның аз ғана бөлігін құраған ауқатты билеуші топтардың да қоғамдык санасын билеген ортақ ой — орыс әкімшілігі орнатқан құлдық тәртіптен құтылу еді. Соған сәйкес, отарлық езгідегі қазақ қоғамында таптық санадан гөрі ұлт-азаттық сананың тезірек пісіп-жетілуіне колайлы алғышарттар жасалды.
1900-1910жылдары
1893-1905 жылдары патша үкіметі қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алды.
1902 жылы Орынборда алғашқы маркстік жасырын ұйым ашылды.
1905 жылы Түркістан, Перовск, Жосалы, Шалқарда қарсылықтар бой көрсетті.
1905 жылдың мамыр айында Қарқаралыда үкіметке қарсы жиынға М.Дулатов қатысты.
1905 жылдың қазан айында Орынбордағы, Омбыдағы бой көрсету саяси ұранмен өтті.
1905 жылдың қараша айында Семей почто-телеграф қызметкерлерінің ереуіл жарияланды.
1905 жылдың қараша айында Жаркент гарнизон салдаттары патша үкіметіне қарсылық білдірді.
1905 жылдың желтоқсан айында 300 жұмысшысы бар Успен кен орнында интернационалдық бой көрсетуі болды.
1905 жылдың желтоқсан айында Павлодарда Батыс-Сібір серіктігінің Ертіс бөлімінің жұмысшыларының митингісі болды.
1906 жылы шілде айында Семейдегі ереуілге 500 адам қатысты.
1906 жылдың қаңтар айында ішкі істер министрі Дурнов өлкедегі қарсылықтарды басуға тапсырма алды.
1906 жылғы мемлекеттік Думаға сайлауға: Ақмоладан Қосшығұлұлы, Жетісудан М.Тынышбайұлы, Оралдан Ахмет Бірімжанұлы, Семейден-Нүрекенұлы сайланды.
​1901 жылы мемлекет жерін жеке меншікке беру туралы жарлық шықты.
1904 жылы Қоныс аудару басқармасы құрылды.
1904 жылы “Ауыл тұрғындарының еркін қоныс аударуы туралы” заң шықты.
1905 жылдың 5 қаңтарында Ресейде революция басталды. 
1909 жылы Абай Құнанбаевтің шығармалар жинағы шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет