Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
№1 билет 1. Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері Тарих - адамзат қоғамының өткенін зерттейтін ғылым. Тарих ғылымы басқа ғылымдар сияқты, оның даму дәрежесіне қарай өзіне көптеген адамзат ұрпақтарының тәжірибесін жинақтап, оның мазмұны кеңейіп, байи түседі. Бүкіл дүние жүзілік тарих адамзаттың барлық материалдық және рухани өмірі саласындағы мыңдаған жылдар тәжірибесінің жиынтығы болады. Барлық қоғамдық ғылымдар қоғамдық құбылыстар мен процестерді тану әдісі жөнінен тарихи болып табылады. Адамзат қоғамы дамуының жалпы заңдарының қалыптасуы және осы дамудың жүзеге асуы тарих болып табылады. Сондықтан да тарихи ғылым үшін қоғамның нақты тарихын зерттеу басты мәселе болып табылады. Бұл жағдайда тарих өткен мен бүгінгі фактілерге сүйенеді. Түрлі оқиғалар, құбылыстар және процесстер туралы фактілер жинау тарих ғылымының бір жағы. Бір-бірімен тығыз байланысты жинақталған және зерттелген фактілерді түсіну, теориялық жағынан қорытындылау – тарих ғылымының екінші жағы. Тарих үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих ең алдымен дүниетану, әлемнің өткенінің ашылуы. Сондай-ақ, тарих - өткен шақ туралы білімдердің жинағы ғана емес, тарих-ойлау жүйесі, қазіргі әлемде өз жағдайыңды нақтырақ түсінуге бастайтын жол. Әлемде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардың мәні мен бағыттарын түсінуде тарихтың қажеттілігі өте зор. Қазақстанның қазіргі заман тарихы дүниежүзілік тарихи процестің бір бөлігі болып табылады. Осыған орай Қазақстанның тарихи ғылымының өзіндік қалыптасу, даму тарихы мен кезеңдері бар. Мұхамед Хайдар Дулати, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Әлихан Бөкейханов негізін қалаған Қазақстанның тарихи ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары жедел дамыды. Тарих ғылымының бұлайша өрлеуі С.Асфендияровтың, Т.Рұсқұловтың, С.Сейфулиннің, Т.Жүргеновтың тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектерінің нәтижесінде жүзеге асты. Олар 1937-38 жылдары аяусыз репрессияға ұшыратылды.Ғылым ретінде Қазақстан тарихының дамуының алғы шарттары мен жағдайларына шолу жасай отырып, Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында Қазақстанға Москвадан келген ғалымдар А.М.Панкратованың, Н.М.Дружининнің, М.П Кимнің өз үлестерін қосқандығын айту жөн. Бұл авторлардың белсенді түрде араласуымен 1943 жылы “Қазақ ССР тарихы” кітабы жарық көрді. Екінші жағынан Е.Бекмаханов танымал болды.