1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары



бет35/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83
72. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.Президент Н. Назарбаев 1995 жылғы ақпанда Сыртқы саясаттың мәселелері бойынша алғашқы кеңесте, 1996 жылғы 11 қыркүйектегі және 1998 жылғы 15 қыркүйектегі СІМ Алқа мәжілістерінде сөйлеген сөздерінде дипломатия саласына тікелей тартылған қызметкерлердің алдына қойылатын талаптардың тұтас жиынтығын белгіледі. Бұл талаптар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды сыртқы қолдауды қамтамасыз етудің саяси және экономикалық әдістерінің икемді үйлесімін қамтиды. Дипломатиялық қызметтің алдына мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мүдделері тұрғысынан әлемдегі қазіргі үрдістерді жан-жақты талдау міндеті қойылды.Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді алғышартында Еуропалық Одақтың орны бөлек. Аталған одақ қазірдің өзінде өзге аймақтардың мемлекеттерімен қарым-қатынаста бүкіл құрлықтың атынан шығып жүр.Еуропалық Одақпен әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім негіз ретінде алынатын құжат болып табылады, осы құжат Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қоғамдастыққа кірігуіне жәрдемдеседі.Еуропалық жетекші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға алғышарттар жасайды. Бұл орйда отандық өнімдердің еуропалық рынокқа шығуын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ Еуропалық Одақтың ғылым, білім және мәдениет жөніндегі бағдарламаларына байланысты Қазақстан үшін ашылатын нақты мүмкіндіктер ескеріледі. Еуропалық Одақтың саяси диалогті кеңейтуде дайын екендігі біздің еліміз үшін практикалық мүдделілік туғызуда [4].
Еуропалық Одақ әлемдік саясаттың негізгі тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ.Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелерінде, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту үрдісіндегі ЕО-ның өсе түсіп отырған рөлі ЕО-ға қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат - өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру.Еуропалық Одаққа қатысты Қазақстанның саясаты оның әлемдегі экономикадағы рөлімен және Еуропаның 27 дамыған елі кіретін осы бірлестіктің жемісті интеграциялық саясатымен айқындалады.
Сонымен қатар Қазақстан мен ЕО арасындағы техникалық ынтымақтастық бірқатар бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асуда, мәселен: ИНТАС (ТМД елдерінің ғалым- дарын қолдау жөніндегі халықаралық қауымдастық), КОПЕРНИКУС, Европартенариат және т. б.1992 жылдың аяғында Алматыда Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету жөніндегі ЕО Бюросы ашылды, ол ТАСИС (ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету бағдарламасы, 1991 жылдан бастап жұмыс істейді) сияқты Еуропалық Одақтың бағдарламалары шеңберінде құрылды.1995 жылы басталған мұнай мен газды тасымалдаудың ИНОГЕЙТ мемлекетаралық бағдарламасы Энергетика саласындағы инфрақұрылымды қалыптастыруға көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарлама энергоресурстарды Каспий және Қара теңіз арқылы Еуропаға тиімді түрде шығаруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бағдарламаны іске асыру – аймақ елдерінің тәуелсіздігін нығайтуға және энергоресурстарды тасымалдауға арналған экспорттық жолдарды дамытуға мүмкіндік береді. Көп жақты ынтымақтастық негізінде энергия көздерін тасымалдаудың мәселесін Қазақстанның шешуінің маңыздылығын ескеретін болсақ, бұл жобаның тиімділігі еселеп өсе түседі.Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық басқа да бірқатар бағдарламалар аясында да жүзеге асырылады: КОПЕРНИКУС, Орталық Азиядағы есірткілер жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы (КАДАП), Орталық Азия елдеріне арналған шекараларды басқару жөніндегі ЕО бастамалары (БОМКА) және т.б.

13 билет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет