1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс



бет74/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83
57. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс,
тұрмыс деңгейі, жұмыссыздық
Өтпелі кезең – КСРО ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезеңді Қазақстан 1989-1996 жылдары бастан өткізді.Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институтц. Дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан дағдарыс үдерісі ушыға түсті.Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді. 1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.
1994 – 1995 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды.Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет