1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар



бет81/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
30.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ауыр ахуал. Қазақстан халық шаруашылығындағы қиыншылықтар мен проблемалар
Соғыстан кейінгі жылдары республикада халық шаруашылығының дамуы, әсіресе жаңа өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық аудандардың қалыптасып, дамуы, тың және тыңайған жерлердің игерілуі, шаруашылық айналымға пайдалы кеннің жаңа кеніштерінің енгізілуі транспорттың барлық түрлерін, әсіресе темір жол транспортын жедел дамытуды талап етті, ол әрдайым халық шаруашылығы жүктерін тасу жөніндегі негізгі жұмысты атқарып келді. Қазақстанның пайдалануындағы темір жол желісінің ұзындығы 1945 жылы 8112 км-н 1960 жылы 11470 км-ге, 1970 ж. 13669 км. дейін өсті. Республиканың өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жөнінен дамуының көлемі траспорт құрылысының, алдымен теміржол құрылысының қарқынын күшейтуді талап етті. 1953 жылы 27.10. Мойынты-Шу темір жолы тұрақты пайдалануға берілді, ол Транс-Қазақстан магистралін салуды аяқтады. Осының нәтижесінде Қарағанды теміржолы Түркістан-Сібір магистралімен ең төте жолмен байланысты. Солтүстік және Орталық Қазақстан республиканың оңтүстігімен және Орталық Азиямен ең қысқа байланысқа ие болды. 1953 жылы Ақмола-Павлодар жолы тұрақты пайдалануға берілді, ол бұл аудандарды Сібірмен, оңтүстік Қазақстанмен және Орта Азиямен байланыстырып, Солтүстік және Орталық Қазақстанның экономикалық байланыстарда айрықша рөл атқарған Оңтүстік Сібір магистралінің негізгі учаскелерінің бірі болды. Бұл жол Екібастұз көмір бассейінінің дамуына, Бозщакөл руда кенішінің игерілуіне және т.б. зор ықпалын тигізді.
Соғыстан кейінгі алғашқы жыл еліміздің ауыл шаруашылығы үшін ауыр жыл болды. КСРО-ң европалық бөлігінде жарты ғасыр болып көрмеген дәрежедегі қуаңшылық соғыстан зардап шеккен аудандардың ауыл шаруашылығына қиын тиді. Осыған байланысты елді астықпен және етпен қамтамасыз етуде шығыстағы аудандардың, соның ішіндегі Қазақ КСР-ң рөлі бұрынғыдан да арта түсті, жұмыс күшінің жетпегеніне, ауыл шаруашылығы машиналарының дені соғыс жылдарында қатардан шығып қалғанына, ал жаңа машинаның келуі өте аз болғанына қарамастан, ауыл шаруашылығының еңбекшлері өзінің мемлекет алдындағы міндеттемелерін ойдағыдай орындады. Сонымен қатар соғыстан кейінгі бесжылдықтың 1-ші жылы республиканың колхоз және совхоз өндірісін ұйымдастыруда бірталай кемшіліктер бар екенін, егіншілік мәдениетінің мейлінше төмен болып қалғанын, қоғамдық мал шаруашылығы дамуының қанағаттанғысыз екенін көрсетті. Колхоз құрылысын одан әрі нығайту міндеттері колхоз өмірінің негізгі заңы – ауыл шаруашылығы артелінің уставын бұлжытпай сақтауды, колхоздардың өзін-өзі басқаруының демократиялық принциптерін қалпына келтіруді талап етті. Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті 1947 жылы ауыл шаруашылығына тәжірибелі шаруашылық басшыларын жіберді. Басшылық әдістерін қайта құруға, әкімшілікке салыну элементтерін жоюға және колхоздардың ішкі демократиясын қалпына келтіруге зор көңіл бөлінді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ең алдымен механикалық двигательдерді көбейту және жаңа машиналарды енгізу есебінен техникамен жабдықталуының өсуі колхоздарды ірілендіру туралы мәселені алға қойды. Ірілендіру 1949 жылы басталып 1951 жылы аяқталды. Ірілендіру селодағы мәдени – тұрмыстық құрылыстың қарқынын және село еңбекшілерінің мәдени дәрежесін арттыруға жағдай жасады. ВКП(б) Орталық Комитетінің 1950 жылы 30 мамырда «Ұсақ колхоздарды ірілендіру және партия ұйымының бұл істегі міндеттері туралы» қаулы қабылдады.
Өнеркәсіптегі сияқты, ауыл шаруашылығында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. Жамбыл облысының Луговой ауданындағы «Жаңа тұрмыс» колхозының еңбекшілері елдің барлық колхозшылары мен ветеринария қызметкерлеріне ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жолында жарыс ұйымдастыруға үндеу көтерді. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті бұл үндеуді мақұлдады. Республиканың колхоздары мен совхоздары астық дайындаудың мемлекеттік жоспарын 1946 жылы 1 қарашада орындап, жоспардан тыс 10 млн пұт астық тапсырды.
Қазақстан совхоздары негізінен мал шаруашылығы бағытында дамыды. Бесжылдық жылдарында Қазақстанда негізінен алғанда мемлекеттік қордың игерілмеген жерлерінде 14 жаңа совхоз құрылды. Олар негізінен мал шаруашылық бағытындағы шаруашылықтар еді. Ол кезде астық совхоздарының жүйесі баяу өсті және халық шаруашылығының талаптарына сай келмеді. Бұл республикада астық шаруашылығын жете бағаламаудың салдарынан болды. Мемлекет күрделі қаржы бөлуді көбейтті, шаруашылықтың техникамен жарақтануы өсті. Бесжылдық жылдарында совхоздардың негізгі қаржылары 36,7 млн сомнан 78,6 млн сомға дейін көбейді, тракторлар мен астық жинайтын комбайндер саны 2 есеге өсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет