1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


Химиялық эксперименттің классификациясы



бет9/101
Дата31.12.2021
өлшемі8,76 Mb.
#23537
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101
Химиялық эксперименттің классификациясы.

Эксперимент – бұл білім алушыларды химия ғылымына қызықтыруға мүмкіндік беретін, теориялық білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытушы химиялық заттар және олардың айналулары туралы білім көзі.Химиялық оқу экспериментінің түрлері

демонстрациялық эксперимент;

• зертханалық тәжірибелер;

• зертханалықжұмыстар;

• сарамандық жұмыстар;

• эксперименттік практикум;

• үй эксперименті.

Жалпы ұсынылған оқу экспериментінің классификациясының логикалық негізі: оқушы мен мұғалімнің іскерлілік мүмкіндігі екені белгілі. Басқа да негізді алып қарастыруға да болады,мысалы көптеген эксперименттерді оның орындалу мақсатына қарай бөлу. Бұл жағдайда келесі эксперименттің түрлерін бөліп алуға болады:

- жаңа эмперикалық шамалар алуға негізделген эксперимент

- жалпы қорытындыны нақтылайтын немесе көрсетуге негізделген эксперимент;

- қандай да бір эксперименттік тапсырманы орындауға негізделген арнайы эксперимент;

- оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған эксперимент,тағы да басқалары.

«Демонстрация» термині көрнекі – элюстративті әдістерде қолданылады. Мысалы, минерал,заттардың коллекциясын,моделін,суретін,схема,диограмма тағы да басқалары тәрізді көрсету. Бірақ мұндай демонстарцияларды жасанды құбылысқа негізделген демонстарциялық экспериментпен шатастыруға болмайды.

Демонстрациялық эксперимент – оқушыларға жаңа материалды түсіндіру үшін сынып ішінде тек қана мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі.

Демонстрциялық экспериментке қойылатын дидактикалық талаптар.Химияны оқытуда демонстрацялық эксперимент бақылаудың көрнекі объектісі болуы керек. Сонымен қоса демонстрацялық эксперимент оқушылар химиялық заңдылықтарға байланысты жаңа фактілерді меңгере алатындай етіп жүйклі түрде ұйымдастырылуы керек. Ал бұлардың бәріне қол жеткізу үшін демонстрацялық экспериментке жалпы талаптар сақталуы шарт. Ал бұл талаптардың сақталмауы химиялық эксперименттің сапасын, педогогикалық эффективтілігін төмендетіп, кейде сәтсіздіктерге де әкелуі мүмкін.

Осындай жалпы талаптардың ішінде ең маңыздылары:

- эксперименттің көрнекілігі

- эксперименттің қарапайымдылығы

- эксперименттің қауіпсіздігі

- эксперименттің сенімділігі

- экспериментті түсіндірудің, қайталаудың қажеттілігі

- уақыттың шектеулілігі

- эксперименттің уақытылы қойылуы



Зертханалық тәжірибелер-мұғалімнің тікелей жетекшілігімен оқушылардың орындайтын эксперименті.Зертханалық тәжіріибелер әдетте жекеленген, ол химиялық нысанның бір жақтарын қарастырып, оқытуға арналған.

Зертханалық жұмыстар бірнеше зертханалық тәжірибелердің жиынтығынан тұрады, химиялық нысанның бірнеше жағын, үрдістерді қарастыруға мүмкіндік береді.Зертханалық жұмыстармұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылардың әр түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жұмыс жасауын көздейді. Уақыты 5-10 тен 40-45 мин уақыт алады. Зертханалық сабақта оқушылар әдетте жұмысты тапсырма немесе оқулық бойынша емес мұғалімнің дауыстап айтуы бойынша орындайды.

Сарамандық жұмыстар Сарамандық сабақта оқушылар өздеріне көрсетілген нұсқау бойынша зерханалық жұмыстарды өздігімен орындайды, әдетте бұл бөлек тақырып немесе үлкен бөлімді өткеннен кейін, әрине мұғалімнің қадағалуымен орындалатын эксперимент түрі.

Бір сөзбен айтқанда- сарамандық жұмыстың идеалды формасы негізінде бұл келесідей түрлі өзгерістерге ұшырайды:

- жұмыс жеке емес, оқушылардың ұжымдасқан тобы болып атқарылады, бұл жағдайда топта оқушы саны қаншалықты аз болса, соншалықты олрға көп тапсырма беріледі.

- жұмыс бірнеше тақырыпты өткеннен кейін орындалады. Мысалы, тоқсан соңында.



Эксперименттік практикум –оқушылардың өздігімен орындайтын жұмыс түрі, негізінен жоғары сынып оқушыларымен орындалады,Эксперименттік практикум әдетте үлкен тарау бітекен соң орындалады және жалпылау, қортындылау сипатында болады.Мұндай практикум оқушылардың білім, біліктерін қортындылау дағдысын қалыптастырады.

Үй эксперименті – Бұл оқушылардың үйде орындалатын тәжірибелері, ол оқушылардың таным қызығушылығына және қажеттіліктеріне ықпал етеді, сонымен қатар олардың шығармашылық әрекеттерін дамытуға ықпал етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет