Сабақтың тақырыбы: Табиғи қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар.
№7 зертханалық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау».
1 оқушыға
Реактивтер:
• натрий гидроксиді ерітіндісі;
• фенолфталеин;
• метилоранж;
• лакмус;
• тұз қышқылы;
• ас тұзының ерітіндісі.
Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар:
• сынауық — 3 дана;
• сынауыққа арналған тұрғы — 1 дана.
Сынауыққа 2 мл натрий гидроксиді ерітіндісін құйып, үстіне 1-2 тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Фенолфталеинді метилоранж, лакмуспен алмастырып, тәжірибені бірнеше рет қайталаңдар. Не байқалды? Индикатор түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.
Сынауыққа 2-3 мл тұз қышқылының ерітіндісін құйып, үстіне 1 немесе 2 тамшы метилоранж тамызыңдар. Метилоранжды фенолфталеин, лакмуспен алмастырып, жұмысты бірнеше рет жүргізіңдер. Не байқалды? Индикатор түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.
Сынауыққа 2-3 мл ас тұзының ерітіндісін құйып, үстіне 1 немесе 2 тамшы екі индикатордың бірін тамызыңдар. Не байқалды? Индикатор түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |