1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


А «Электролиттік диссоциация» (9-сынып) бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз



бет22/101
Дата31.12.2021
өлшемі8,76 Mb.
#23537
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   101
Байланысты:
Экзамен жауаптар 2021 МПШХЭ (копия)

9.1А «Электролиттік диссоциация» (9-сынып) бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз.





  1. Төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету (қатты немесе сұйық заттармен улану).

Уланған кезде алғашқы көмек жұмысшылардың өздеріне (өзіне және бір-біріне көмек көрсету) және арнайы, медицина қызметкерлері көрсететін шараларынан тұрады.

Далада улы химиялық заттармен уланған кезде дәрігерлік көмекті дәрігер келгенше жедел көрсету немесе жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу керек. Уланудың алғашқы белгілері жоғалып кетуі мүмкіндігін есте сақтау керек, біраз уақыт өткен соң өкпенің ісінуімен жалғасуы мүмкін. Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.

Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынд

Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.

Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.

Асқазан, ішек-қарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.

Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін ( жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.

Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды› мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.

Жоғарыда көрсетілген шаралар удың түріне қарамай барлық жағдайда қолданылады. Егер удың түрі белгілі болса, улы химикаттың түріне байланысты, қосымша шаралар жасалады.

Талықсып қалған зардап шегушіге нашатыр спиртін искетеді немесе нашатыр спиртімен суланған мақта тампонмен шекені сүртеді. Егер тыныс алысы тоқтап қалса, жасанды демалдыру жасайды.

Мышьяк қоспасы бар улы химиялық заттармен уланған кезде зардап шегушіде лоқсу, құсу, іш ауыру, жалпы әлсіздік, дірілдеу пайда болады. Ауруды жасанды жолмен құстырып, асқазанын күйген магнезия (20г. және 5 стакан қайнаған су) ерітіндісімен шаю қажет.

Фосфор органикалық заттармен уланған кезде келесі белгілер байқалады: кеуденің қысылуы, жөтел, ентігу, бас ауыруы, сілекей ағу, терлеу, естің ауысуы, жүріс бұзылуы, сөздің көбею, көз қарашығының кішіреюі қол, бас, дененің басқа бөліктерінің дірілдеуі. Көзге түскен кезде көздің қарашығының кішіреюі, қызару, жас ағу байқалады.

Алғашқы дәргерлік көмек көрсеткенде ауызбен тамақты сумен шайып, 2% ас содасының ерітіндісін, 6-10 стакан су ішкізу керек (бір стакан суға, бір шай қасық) және жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Бұл шараны 2-3 рет қайталайды. Сосын 2-3 активтендірілген көмір қосылған 2% ас содасының ерітіндісінен жарты стакан ішікізеді. Ыстық шай беріп, жылы жабады. Тыныс алысы тоқтаған кезде, дәргер келгенше жасанды демалдыру жасау қажет.

Егер қоспа теріге түссе 5-10% нашатыр спирт ерітіндісімен тазлайды немесе мақтаға (сүртпей) сіңіріп алады, көзге түскен кезде суытылған қайнаған сумен жуады, сосын 30% натрий сульфацилінің (альбуцид) еріітіндісінен екі көзгеде 2 тамшыдан тамызады.

Мыс қоспаларымен уланған кезде ауызда металдың дәмі, сілекей ағу, лоқсу, құсу, асқазан ауыруы, тамыр соғысының жиілеуі, суық тер, дірілдеу пайда болады.

Мұндай жағдайда күйген магнезим ерітіндісімен 6-10 стакан су ішкізіп, сосын құстырады. Тұзды ерітінді беріп, ішіне жылы зат қою қажет. Жүрек соғысы нашарлаған кезде 20 тамшы валериан тұнбасын және ащы шай береді.

Ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық процесті дұрыс ұйымдастырма ғанда және қауіпсіздік талаптарын сақтамағанда, онда қолданылатын көптеген минералды және әктік тыңайтқыштардан улану, күю және кәсіби аурулар туындайды.

Минералды және әктік тыңайтқыштардың шаңы тыныс мүшелеріне,көздің кілегей қабығына және мұрын қуыстарына зиянды әсерін тигізеді.

Әк көзге түскен кезде көз ауырып, жас ағады. Созылмалы улану кезінде тері құрғап, қатайып және тырысып қалады. әктің қосапларынан күйік, язва туындауы мүмкін. Көзге тыңайтқыштар шаңы түскен кезде жедел түрде көп сумен жуу керек (10 минут).

Аммиакпен уланған кездегі Алғашқы медицаналық көмек: зардап шегушіні тез арада улы аймақтан жатқызып шығару керек.

- сірке қышқылының 5%-ды ертіндісін иіскету керек;

- уланған адамға респиратор кигізу немесе кез-келген қышқылдың (бор, сірке, лимон( 5%-ды ерітіндісіне шыланған мақта-мата таңғышты таңу керек;

- у сіңірген киімді таза киімге ауыстыр және зардап шеккен адамды қараңғыланған орынға жатқыз;

- қышқылдың (бор, сірке, лимон) 2%-ды ерітіндісімен көзді 10-15 минут бойы аммиактың иісі кеткенге дейін жуады, содан соң альбуцид ерітіндісін көзге тамызу керек, өйткені көздің шырышты қабатына жұқпа түсу қаупі бар;

- осылай қышқылдың әлсіз ертіндісімен бет, қол, аяқтың тері қабатын жуу керек;

- осындай ерітіндімен ол адамның аузын шайдыртып, мұрынына зәйтүн (шабдалы, күнбағыс) майын тамыз;

- тамағына қыша қағазын қою керек.

Хлормен уланған кездегіАлғашқы медициналық көмек: егер дем алу бұзылмаса, зардап шеккен адамға респиратор немесе ас содасын 2% ерітіндісіне немесе зәрге шыланған мақта-дәке таңғышты тағу керек.

- зардап шеккендерді зақымдалған аймақтан тұрғын үйдің жоғары қабаттарынан жатқызған күйде шығару керек;

- зақымдалған киімді таза киімге ауыстыру;

- көзді ас содасының 2%-ды ерітіндісімен 10-15 минут бойы хлордың иісі кеткенге дейін шаю керек. Көзге вазелин майын тамызу қажет;

- зардап шеккен адамдарды ас содасының 2%-ды ерітіндісімен аузын шайғызу керек;

- ол адамға сүт немесе сілті минералды су беру қажет;

- егер зардап шеккен адамның улы заттың жоғары қанықпасы ьар ауаны жұтқанның нәтижесінде дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында ауыздан-ауызға дем алу және жанама массаж жасау арқылы дем алу мен жүрек қызметін қалпына келтір.


Хаттама №2 22.10.2021

ББ жетекшісі Р.Ж. Мұқанова

Қазақсан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Павлодар педагогикалық университеті

Жаратылыстану жоғары мектебі
«Мектеп химия эксперименттерін жүргізу әдістемесі» пәні
8 БИЛЕТ




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет