Жұмыс барысы :
1 - тәжірибе . Сынауыққа 2 мл тұз қышқылын құйып , оған алюминийдің түйірін салыңдар . Не байқадыңдар ?
2 - тәжірибе . Сынауыққа 2 мл натрий гидроксидін құйып , оған алюминийдің түйірін салыңдар . Не байқадыңдар ?
Тапсырмалар :
1.Бақылаған құбылыстарыңды түсіңдіріп , алюминийдің химиялық қасиеттері жайлы қорытынды жасандар .
Алюминий екідайлы қасиеттер көрсетеді , яғни ол қышқыл ерітінділерімен де , сілті ерітінділерімен де әрекеттеседі . Алюминий сұйылтылған күкірт және тұз қышқылдарымен жылдам әрекет теседі :
2Al + 6HCl → 2AlCl3 + 3H2
2Al + 3H2SO4 → Al2(SO4)3 + 3H2
Ал концентрлі күкірт , азот қышқылдары алюминийдің бетінде берік қалың қабат түзіп , енжарландырады . Сондықтан бұл қышқылдарды алюминийден жасалған цистерналарға құйып тасымалдайды .
Сілтілердің сулы ерітінділерімен алюминий әрекеттесіп , алюминаттар деп аталатын тұздар түзеді :
2Al + 6NaOH 2NaAlO2 + 3H2 + 2Na2O
2.Реакция теңдеуін құрастырыңдар .
2Al + 6HCl → 2AlCl3 + 3H2
2Al + 6NaOH 2NaAlO2 + 3H2 + 2Na2O
Достарыңызбен бөлісу: |