Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал - жабдықтар : кәрлен табақша ; сынауықтарға арналған тұрғы ; сынауықтар ; сүзгі қағазы пинцет . Қауіпсіздік техникасы . Қыздырғыш құралдармен , қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережесін сақтау .
Жұмыс барысы :
1 - тәжірибе . Карлен табақшаға ( немесе Петри табақшасы ) су құйып , оған бірнеше тамшы фенолфталеин тамызындар . Кальций дiң кішкентай түйірін кесіп алып , сүзгі қағазымен оны майдан жақсылап құрғатыңдар . Құрғатылған кальций түйірін қысқышпен абайлап суға батырыңдар . Жүретін реакцияны бакылаңдар .
2 - тәжірибе. Сынауыкка 2 мл тұз қышқылын құйып , оған кальций дiң кішкентай түйірін салыңдар . Жүретін реакцияны бақылаңдар .
Тапсырмалар : 1. Бақылаған құбылыстарыңды түсіндіріп , тиісті қорытынды жасандар . 2. Реакция теңдеулерін құрастырыңдар