Күрделі эфирлер мен сабындарды зерттеуде 11.1В «Карбонилді қосылыстар» бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз (11 сынып).
3-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҮМЫС
Күрделі эфир алу жене оның қасиеттерін зерттеу
Реактивтер: ciрке кышкылының ерітіндіci,этил спирті, күкірт қышқылының концентрлі epітіндісі, су.
Химиялык ыдыстар мен зертханалык крал-жабдықтар: көлемі 50 мл құты, металл тұрғы. Шыны түтігi бар тоңазытқыш, су моншасы, спиртшам, стакан, цилиндр, бөлгіш құйғы.
Қауiпсіздік техникасы. Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен, cілтілермен жүмыс істеу ережесін сақтау.
Жұмыс барысы. Құтыға өздеріңе берілген этил спирті, cipке жэне күкірт қышқылынан тұратын қоспаның 10—12 мл-ін кұйындар. Құтыны шыны түтігі бар тоңазыткышпен жалғандар. Түтіктң екінші ұшын су мен мұз қоспасына орналастырылған сынауыққа батырыңдар. Құтыдағы қоспаны су моншасында абайлап қыздырыңдар. Сынауыққа біраз эфир жиналған кезде тежірибені тоқтатуға болады. Түзілген эфирді спирт пен кышқылдың қоспасынан айыру үшін оған су қосып шайқаңдар. Содан кейін қоспаны бөлгіш құйғымен бөліңдер.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ciрке кышқылы спиртпен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?
2. Тиiсті реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |