1 билет Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағы?


Ғұндардың саяси және этникалық тарихы



бет8/9
Дата21.09.2023
өлшемі44,85 Kb.
#109437
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 билет Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақст-emirsaba.org

1.Ғұндардың саяси және этникалық тарихы.
Ғұн б.з.б 3-4ғ Қытайдың солт. Юайквлдвн Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген.
Енисейдің жағалауларында Алтай тауларында көрші елдерді бағындарды. Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Қытай деректері өздерінің солтүстігін мекендеген тайпаларды сюннюлар (солтүстіктегілер) және дунхулар деп атаған. Осы сюнну сөзі тайпаның атына арналған тәрізді, ол кейіннен хунға немесе ғұнға айналып отыр түркі тілдес тайпаларды да (далалықтар) деп те атаған. Бұл хабарға қарағанда ғұндардың түркі тілдес болғандығына ешбір күмән келтіруге болмайтын сияқты. Ал сюнн, хуни деген сөздердің қытайша әр түрлі мағыналары бар. Олар әлі де болса ғылыми жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Ғұндардың этникалық тегi туралы мәселе әлi анықталып болған жоқ. Зерттеушiлердiң көпшiлiгi оларды түрiктердiң арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың құдiретi тасып тұрған кезде, олардың бiрлестiгiне басқа бiрнеше тайпалар қосылған, сондықтан "Ғұн" атауы этникалық болудан гөрi саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікіріне үңілсек, ғұндар түріктердің арғы ата-бабалары олардың Қазақстан жеріне келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б. з. I мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық тұрпаты өзгереді де, моңғол тұрпаттылар пайда бола бастайды.
Ғұн тайпаларының бiр одаққа бiрiгуiне негiзгi себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескiлескен соғысы деу керек. Хань империясы кезiнде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бiрақ ғұндар iргелес тайпалармен бiрiгiп, қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс берiп отырады. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар “гуй фаң”, “гун руң”, “хун ю”, “шиан ю”, ”шиұң ну” секілді атаулармен берілген. Б.з.б. 3 ғ-дың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды.Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды бектер биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі “тәңірқұт” лауазымын иемденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет