1 билет Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағы?


ХY1-ХY11 ғғ. қазақтардың экономикалық және мәдени өмірі



бет9/9
Дата19.12.2022
өлшемі48 Kb.
#58040
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.ХY1-ХY11 ғғ. қазақтардың экономикалық және мәдени өмірі.
XV-ХҮІІІ ғ. басы Қазақ халқының тарихи мәдениеті басты орын алған кезең болды. Тура осы кезде халықтың ауызша шығармашылығының әр түрі дами берді және де ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды.XV-XVII ғғ. үлкен көлемде әр-түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б.. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”.Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағымен де, өз ерекшелігімен де ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген. Лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мысалы: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар, т.б
3.Ресейдегі 1905-1907 жж. революция және оның қазақ қоғамына әсері.1905 жылы 9 қаңтарда Санкт-Петербургтегі «Қанды жексенбі» оқиғасынан бастау алған Бірінші орыс революциясы кезінде елде демократиялық республика орнату, помещиктердің жерін тәркілеу, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұлттық теңсіздікті қамтамасыз ету туралы ұрандар көтерілді. Революция жылдарында 24 мыңнан аса жұмысшылар ереуілдері, 18 мыңға жуық шаруалар көтерілісі болды.1905 жылы 1 мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында да шерулер мен жиналыстар болды. Осы жылы мамырда Қостанайда, Верный мен Перовскіде халықаралық еңбекшілер күнінде ереуілдер өтті. 1905 жылы жазда жалақыны көбейту және тұрмыс жағдайын жақсартуды талап етіп Қазалы мен Шалқар теміржолшылары көтерілді. Революцияның өрши түсуі 1905 жылы 17 қазанда манифест жариялауға мәжбүр етті. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Дулатов сияқты қазақ зиялы қауымының өкілдері революциялық қозғалыстарға белсене қатысты. 
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды.
Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді.
— Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты.
— Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен көрінді.
— Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді. Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет