1 билет Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі



бет1/9
Дата11.12.2022
өлшемі25,45 Kb.
#56520
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-9 шпор есепсиз


1 билет
1.Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегерудің салық есебі.
Теріс бағамдық айырма сомасы оң бағамдық айырма сомасынан асып түскен жағдайда асып түсу шамасы шегеруге жатады. Бағамдық айырма сомасы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады.
2.Қазақстан Республикасының Салық кодексі, оның құрылымы мен мазмұны.
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.

2 билет


1.Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерімдердің салық есебі.
1. Жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға нақты тартқан шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта белгіленген сома шегінде шегерімдерге жатқызылады.
2. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы нақты тартқан осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта белгіленген сома шегінде осы кодекстің 111-бабында белгіленген тәртіппен шегерімдерге жатқызылады.
3. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы нақты тартқан шығыстар деп:
1) қазақстандық кадрларды оқытуға - Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сомасы, сондай-ақ осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады;
2) өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға - өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға жұмсалған шығыстары, сондай-ақ осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет