2.Салық есептілігі және оның түрлері. 1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың түрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер әрбір қызмет түрі үшін жеке салық есептілігін жасайды.
2. Осы Кодексте жеке салық есебін жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.
3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган түрлі салық нысандарын белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жатқызылса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салық нысандарын жасауға міндетті.
1. Осы Кодекстің 199-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жиынтық жылдық табыстан шегерімдердің асып түсуі кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп танылады.
2. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал мыналар:
1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізген күнгі дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегі өткізу құны мен иемденіп алу құны арасындағы теріс айырма.
3. Осы Кодекстің 127, 128-баптарына сәйкес айқындалатын төлемдердің түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктерін ескере отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады.
2.Салық есебін табыс ету. 1. Салық есептілігін салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына ұсынады.
2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган түрлі салық нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жатқызылса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салық нысандарын беруі тиіс.
3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) өзі келу тәртібімен:
салық есептілігі үшін - қағаз тасығышта;
мониторинг бойынша есептілік үшін - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде;
2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен - қағаз тасығышта;
3) салық есептілігін қабылдау жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде беруге құқылы.