1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері


:Тіл ұшы консононтизмдеріне анықтама



бет6/21
Дата25.11.2023
өлшемі111,1 Kb.
#128106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері-emirsaba.org

2:Тіл ұшы консононтизмдеріне анықтама:
Тіл ұшы дауыссыздары ч л н тілдің үстіңгі күрек тіске тиюі арқылы жасалады. Н дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбысы болып табылады. Н дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен тоғысып, екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Ч фонемасы т және ш элементтерінің кірігунен құралған, алдымен тіл ұшының күрек тіске, одан соң тіл алдының таңдайға тиюнен жасалады. Ч африкатымен айтылатын сөздер қазақ тілінде әзірше аз: чек, чекист, чемодан, чертеж, мачта, путч, скетч, бұл әсіресе жалқы есімдерде жиірек кездеседі: Чапаев, Чехов,Чайковский, Петрович, Чкалов.
6 билет
1:Екпін-фонемалық кезең:
Екпін - фонемалық зерттелім дәуірі. Үшінші дәуір - екпін - фонемалық зерттелім дәуірі.Негізгі зерттеу әдісі ретінде, екпін мен фонемалық талдау алынғандықтан осылай аталады.Қамтитын кезеңі XX ғасырдың 50-70 жылдары.
Зерттеушілері: І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Т.Талипов.
Қазақ тілінің фонетикасына байланысты зертеулер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жаңа қарқынмен дамып келеді.Солардың ішінде <Қазіргі қазақ тілі> деген атпен 1954 жылы жарық көрген ғылыми еңбектің орны ерекше.Бұл еңбектің фонетика бөлімінің авторы І.Кеңесбаев.Бұл еңбекте ғалым фонетиканың негізгі мәселелерін түгел қамти отырып,І-бөлім< Фонетика және дыбыстар туралы түсінік>, ІІ-бөлім <Дауысты дыбыстар>, III-бөлім <Дауыссыз дыбыстар>,IV-бөлім <Буын>,V-бөлім <Екпін>,VI-бөлім<Дыбыстардың үндесуі> деп жіктеп,әр мәселе бойынша қазақ тіл білімінде соған дейін айтылған көзқарастар мен нәтижелерді қамтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет