15 билет 1.Регрессивті ассимиляция Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз. Жиі кездесетін әсерлері:
1.Қ,к, п дыбыстарының біріне біткен сөздерге жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы дауысты дыбыс болса, бұл үшеуі ұяңданып кетеді: жүрек+ім (жүрегім), қақ+у (қағу), шап+а+ды (шабады).
2.Регрессивті ассимиляцияға ұшырайтын бұлардан басқа н дыбысы: күн+ге (күңге), кейін+ге (кейіңге), жанпейіс (жампейіс).
Ұяңдардан қазақ тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды. Ал з дыбысы одан әлдеқайда актив.
2 сұрақ.Қазақ тілінің дыбыстық құрамы. Дауысты және дауыссыз дыбыстар Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар акустикалық және артикуляциялық қасиеттеріне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екі үлкен топқа топтастырылады. Олар төмендегідей ажыратылады:
1. Дауысты дыбыстар дауыс желбезегінің толық тербелуінен жасалады. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі аз тербеледі және дауыссыздарды жасауға мүлде қатыспайды. Басқаша айтсақ, дауыстылар дауыстан (тоннан),ал дауыссыздар салдырдан жасалады. Мұнда тон қатысуы да қатыспауы да мүмкін.
2. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады.
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі – дыбыстарды жіктеудегі басты айырым-белгі.
4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет жоқ.
5. Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокал) дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады.
Бүгінге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, қазақ тілінде 11 дауысты дыбыс,12 әріп бар деуге болады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар құрамы жағынан жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.
Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны – 25, кейде – 26. Бұл «щ» әрпіне байланысты туындап отыр. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: «Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ф,х,ц,ч,ш,щ,қ» дейді де, бұларды топтастырған кезде «щ» әрпін қосады. Дұрысы «щ» - дыбыс емес, әріп. Қазақ тілінде дауыссыздардың саны Н.Ильминскийден бастап кешегі 40 – жылдарға дейін 19 делініп келді.