1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Оқу нəтижесін бағалау құралдарын қолдануды зерделеңіз



бет23/38
Дата24.03.2023
өлшемі91,5 Kb.
#75979
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

34. Оқу нəтижесін бағалау құралдарын қолдануды зерделеңіз.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беруде.Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсатына, мүддесіне сай таңдап алады. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша таныту, оның нәтижесінің жоғары деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Олар педагогикаға «Жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Сонымен педагогикалық жаңа технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылып нәтиже беретін оқушылардың қызмет нәтижесін бағалаудың педагогикалық жүйесінің жобасы. Ал бағалау дегеніміз керекті мәліметтер жинап, сол мәліметтер арқылы оқушының жетістігін бағалап, оқу бағдарламасының нұсқаулық құрамдас бөліктерін бағыттау үшін қолданылатын әдіс.Бағалаудың келесі түрі - портфолио арқылы тексеру.Мұндағы мақсат - оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдейтін жұмыстарды көру.Бағалау портфолиосы - уақыт арасындағы баланың жетістігінің ілгерілегендігін көрсететін жұмыстарының жиынтығы.Осы портфолио ішіне салынатын жұмыс үлгілерін таңдау процесіне мұғалім де, оқушы да қатысқаны дұрыс.Бастауыш мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс- Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс- Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс- Ата-аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес болып келеді.Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.
Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі.Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады.Портфолионың қызмет ету мақсаттары:- Нұсқау беру мен бағалаудың біріктірілуі- Баланың жетістіктерімен сыныпта қолданылатын әр қилы жаттығулар туралы мәліметті оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға және де басқа шешім қабылдайтын адамдарға жеткізу- Балаларға өздерінің жұмыстарына баға беруге мүмкіндік туғызу- Баланың жалпы жұмысын жан-жақты бағалауға негіз құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет