1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Әдіснама оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыруды түсіндіріңіз



бет2/38
Дата24.03.2023
өлшемі91,5 Kb.
#75979
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
2. Әдіснама оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыруды түсіндіріңіз.
Білім сапасын бақылауды ұйымдастыру – білім беру үдерісіндегі күрделі мәселелердің бірі, ол нақты тұжырымдалуы тиіс және алған білімдердің тереңдігі, оларды стандартты және жаңа жағдайларда қолдану машықтары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс. Оқушылардың білімдерін, машықтары мен дағдыларын бақылау оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мақсаты – оқушылардың бағдарлама материалын меңгеру сапасын анықтау, олардың білімдері мен машықтарын диагностикалау және түзету, оқу жұмысына деген жауапкершілікті тәрбиелеу. Оқушының оқу қызметін оқытушы, оқушының өзі (өзіндік бақылау) немесе олардың әрқайсысы техникалық құралдың көмегімен жүзеге асыра алады. Бақылау формалары мен әдісін таңдау оқу мақсаттарына, оқушылардың жас және тұлғалық ерекшеліктері, оқыту өтетін жағдайларға байланысты.Жалпы алғанда, Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны, яғни, тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылымды қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда ауызша және жазбаша әдістерінен басқа оқыту сапасын арттыруда әртүрлі ойын әдістері қолданылады. Оларға: «Бір сөйлеммен түйіндеу»,«Графикалық органайзерлер», «Дарабоз», «Динамикалық шеңбер», «Домино», «Еркін жазу», «Жаңалық ашамыз», «Күтіңіз және түйіндеңіз»,«Қатені тап», «Құпиясы жоқ қабырға»,«Минуттық шешім», «Ой күмбезі», «Парасатты диалог», «Пікірлер базары» «Маңыздылық аймағы»,«Хикая картасы», «Стоп кадр», «Сиқырлы ұяшық», «Кейс-стади» және тағы басқаларын жатқызуымызға болады. Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылған әдістерді пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға үйретеді, оқушыларға мүмкіндік жасалынады және мұғалімнің сәтті таңдалған бірнеше бақылау әдістері арқылы оқушылардың білімдерін объективті бағалауға, белгілі бір уақыт аралығындағы атқарылған іс пен алған білімдерді бақылауға мүмкіндік береді.

3. Қазіргі мектептердің білім сапасын басқару жұмыстарының мазмұны, әдістері және түрлері бойынша ұсыныстарды сипаттаңыз.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмысына байланысты. Мектептанудың методологиясының негізі - тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.Педагогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді.
Мектептану ғылымның басқару тұрысы жетістіктерін, субъекті ғылыми ұйымдастыруды толық қолданады. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі, озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.Мектеп басшысы міндеттерді дұрыс бөліп, жұмыс істеуге жағдай жасап, нақты көмек беріп, тексеріп, басшылық етіп отырады. Ұжымның белсенділігін көтеріп, мектепті қажетті материалдармен, құралдармен жабдықтап, табандылық және талап қойғыштық танытады. Оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын қатар жүргізу мектептің жұмысындағы қиын мәселе.
Мектептегі педагогикалық кеңес
Біліктілікті көтеру жұмыстары педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет