1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


 Негізгі мектепте бағалаудың өлшемдік технологиясын қолданып



бет31/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
31.  Негізгі мектепте бағалаудың өлшемдік технологиясын қолданып

өткізген сабақ жоспарын жасады көрсетіңіз.

Оқудың сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі. Білімалушылардың дайындығын халықаралық зерттеу. Халықаралық аспектегі Қазақстанның нəтижелері. Халықаралық білім кеңістігіндегі оқу нəтижелерін бағалау құралдарына жалпы сипаттама.«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пəні педагогикалық мамандықтағы студенттердің, əртүрлі бағыттағы жəне мамандандырылған мектептің болашақ мұғалімі ретіндегі кəсіби дайындықтарын шыңдау мақсатында кіргізіледі.Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Білім алушының оқу іс – әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асыру мәселесін қарастыру. Критерийлік – бағдарланған шкала нақты оқу үдерісі аясында білім, білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылатынын ескру.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс – әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс – әрекеттерінен күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау.

Қазақстанда жоғары білім беру стандарттарын енгізумен қатар, ғылыми негізделген, студент білімін бағалайтын және бақылайтын диагностикалық әділ жүйені ұйымдастыру да – өзекті мәселенің бірі. Басқа сөзбен айтқанда білім беру жүйесінде студент пен оқытушы әрекеті барысында студент білімін әділ бағалау үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Білімді бақылау және бағалаудың әдіснамасын құрып, жалпы қағидаларын анықтау мәселесі – қазіргі таңда оқытушылар арасында қызу талас туғызып отырған мәселенің бірі.

Мұндағы, күтер нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет