1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Әдіснама оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыруды түсіндіріңіз



бет2/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
2. Әдіснама оқыту сапасын бақылауды ұйымдастыруды түсіндіріңіз.

Білім сапасын бақылауды ұйымдастыру – білім беру үдерісіндегі күрделі мәселелердің бірі, ол нақты тұжырымдалуы тиіс және алған білімдердің тереңдігі, оларды стандартты және жаңа жағдайларда қолдану машықтары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс. Оқушылардың білімдерін, машықтары мен дағдыларын бақылау оқу үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мақсаты – оқушылардың бағдарлама материалын меңгеру сапасын анықтау, олардың білімдері мен машықтарын диагностикалау және түзету, оқу жұмысына деген жауапкершілікті тәрбиелеу. Оқушының оқу қызметін оқытушы, оқушының өзі (өзіндік бақылау) немесе олардың әрқайсысы техникалық құралдың көмегімен жүзеге асыра алады. Бақылау формалары мен әдісін таңдау оқу мақсаттарына, оқушылардың жас және тұлғалық ерекшеліктері, оқыту өтетін жағдайларға байланысты.Жалпы алғанда, Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны, яғни, тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылымды қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда ауызша және жазбаша әдістерінен басқа оқыту сапасын арттыруда әртүрлі ойын әдістері қолданылады. Оларға: «Бір сөйлеммен түйіндеу»,«Графикалық органайзерлер», «Дарабоз», «Динамикалық шеңбер», «Домино», «Еркін жазу», «Жаңалық ашамыз», «Күтіңіз және түйіндеңіз»,«Қатені тап», «Құпиясы жоқ қабырға»,«Минуттық шешім», «Ой күмбезі», «Парасатты диалог», «Пікірлер базары» «Маңыздылық аймағы»,«Хикая картасы», «Стоп кадр», «Сиқырлы ұяшық», «Кейс-стади» және тағы басқаларын жатқызуымызға болады. Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылған әдістерді пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға үйретеді, оқушыларға мүмкіндік жасалынады және мұғалімнің сәтті таңдалған бірнеше бақылау әдістері арқылы оқушылардың білімдерін объективті бағалауға, белгілі бір уақыт аралығындағы атқарылған іс пен алған білімдерді бақылауға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет