1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Тест оқудың нəтижесін бағалаудың ақиқат тəсілі екенін саралаңыз



бет37/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
37. Тест оқудың нəтижесін бағалаудың ақиқат тəсілі екенін саралаңыз

Педагогикалық тестің құрылымы. Топта тест жүргізуді саралаңыз.

Тест – оқудың нәтижесін бағалаудың ақиқат тәсілі. Бұл бағалаудың түрімен келісетіндер де келіспейтіндер де бар. Алайда тест арқылы орындалған тапсырмалар өте айқын белгіленеді. Оны былай түсіндіре өтейін:

Тесттің жауаптары алдын ала дайындалған, әрі сараланған. Яғни тексеріс кезінде қателіктер болмайды десекте болады. Оған мысал ретінде ҰБТ кезіндегі тестті айта аламын. Алдын ала барлық жауапты сканерге, компьютерге дайындалынып қойылады. Тексеру де оңай әрі тез болады. Қателік кету ықтималдылығы өте өте төмен.

Тест арқылы оқудағы оқушының деңгейін нақты айқындайды. Белгілі бір оқу орнындағы деңгейді анықтайды. Егер рейтингтік жүйе жасаған жағдайда, дәрежені тесттің жауабы арқылы жасалынатыны анық. Ол оқушының деңгейін, шамасын, біліктілігін айқын көрсетеді.

Педагогикалық тесттің құрылымына тоқтала өтейік. Бұл тест жайлы қысқаша айтсақ, жалпы тест тапсырушылардың бір пән бойынша білімінң құрамы мен құрылымын анықтайды. Яғни басқа да тест түрлерімен салыстырағанда, оның артықшылығы мынада: объективтілігі, сенімділігі және көп нұсқалылығымен ерекшеленеді. Бұл тесттің артықшылығының білімге тигізер үлкен көмегі бар. Ол: тест міндетті түрде бірнеше нұсқалы болуы керек. Яғни бұл тексеріс кезінде тиімділікті арттырады. Бұндай тестті бірден жаттау, дайындалмай көре сала есте сақтау, көшіріп алу мүмкін емес. Кез-келген нәрсенің қиындығы болса, онда сіз ескеріңіз, бұл жақсылық деп. Бұл тест түрі қатаң бақылаушы ғана емес, оқушылардың дамуға үйрету және машықтандыру. Яғни негізгі мақсаты шынайылыққа үйрету.

Бұл тестті жасау барысындағы басты артықшылығы: көп жауапты болуы, және нақты әрі түсінікті болуын айтамыз.

Ендігі кезекте топтағы тестті жүргізуге тоқтала өтсек. Топта әр ұстаз әр түрлі тест түрін өткізе алады. Яғни тесттің барлық түрін өткізуге болады. Бірақ тесттің көптігі оның барлық жағдайда қолдануға болады дегенді білдірмейді. Жалпы топтық жағдайдағы ең қолайлы тест деп интеллект тесттерін жатқызамыз. Бұл тест түрі адамның интеллектуалдық дамуының жалпы және сапалық жағынан анықтауда қолданады. Сондай-ақ бұл тест түрі топ ұжымындағы топ мүшелерінің тапсырма барысында қабылдауын, зейінін, жадын және сөйлеуін анықтайды. Ғылыми тілмен айтқанда топ мүшелерінің жеке когнитивтік процесін бағалауға арналған айта аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет