Ақтамберді жырау Сарықлы (1675-1768) 1. 1675-1768 жылдары өмір сүрген, әйгілі Бөгенбай батырға жыр арнаған жырау: (Ақтамберді жырау) 2. Ақтамберді жырау қай батырдың ерлігін жырға қосқан: (Бөгенбай) 3. Ақтамберді жырау қай соғыста өзінің ерлігімен, жалынды жырымен көзге түскен: (Ойраттармен соғыста) 4. «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының авторы: (Ақтамберді) 5. Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз?! – деген жолдардың авторы: (Ақтамберді) 6. Ақтамбердінің «От басар орны отаудай» өлеңі: (Жылқы малының қадір-қасиеті туралы) 7. «Әділ туған жақсыға,
Екі даугер жүгінер.
Тізесін қисық бұрмаса,
Әділдігі білінер», - деген жолдар қай жыраудың шығармасынан алынған: (Ақтамберді) 8. «Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен», - деп басталатын Ақтамберді жыраудың өлеңінде не туралы баяндайтын: (Батырлық қасиеттерін, қайсар мінезін) 9. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторы: (Ақтамберді жырау) 10. Ақтамберді жыраудың кейінгі ұрпақты бірлікке, татулыққа шақырған өлеңі: («Балаларыма өсиет») 11. «Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет», - деген толғаудың авторы: (Ақтамберді) 12. «Ел шетіне жау келсе,
Алдына, сірә, дау келсе.
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса!» - деп, Ақтамберді жырау көтерген мәселе: (Ерлік, батырлық жайлы) 13. «Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап...» - деп жырлаған жырау: (Ақтамберді) 14. «Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап...» - деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынған? (Ақтамберді) 15. «Ел-жұртты қорғалап,
Өлімге жүрміз бас байлап», - деп өз толғауларында ерлік, батырлықты жырлаған Ақтамберді жырау қай батырға жыр
арнаған? (Бөгенбай батырға) 16. «Ағайын көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең.
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең», - деп Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқан? (Елдік, бірлік)