1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


(Шалкиіз)  *Шалкиіз шығармашылығына жатпайтын қатар: («Еңсегей бойлы Ер Есім», Жиембетттікі)



Pdf көрінісі
бет48/242
Дата26.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#45395
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   242
Байланысты:
Көк кітап.Гүлнұр

(Шалкиіз) 
*Шалкиіз шығармашылығына жатпайтын қатар: («Еңсегей бойлы Ер Есім», Жиембетттікі) 
Доспамбет жырау (ХVІ ғ.) 
1. Доспамбет жыраудың туған жері: (Азау) 
2. Доспамбет жырау өмір сүрген ғасыр: (XV-XVI ғ.ғ.) 
3. Доспамбеттің жерленген жері: (Астрахань) 
4. Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші: (М.Мағауин) 
5. Доспамбет өз толғауларында өзін қалай таныстырып отыратындығы: (Ер Доспамбет) 
6. Доспамбеттің өміріне қатысты сипат: (Мамай бидің тұсында қол бастаған жырау) 
7. «Айналайын, Ақ Жайық» деген өлеңінде туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын жырға қосқан жырау: (Доспамбет) 
8. «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?» - деп жырлаған жырау: (Доспамбет)
9. Азау, Азау дегенің
Әл-Ғұсман – патша жұрты екен. 
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Дін ісләмнің кірті екен. 
Азаудың ер Доспамбет ағасы 
Азаудың бір бұрышындай жарты екен! – деген үзінді қай жыраудың өлеңінен алынған: (Доспамбет)  
10. «...Аймадетке оқ тиді, 
Отыз екі омыртқаның буынынан. 
Зырлап аққан қара нан, 
Тыйылмайтын жанның уақ тамырынан...» - деген үзінді: (Доспамбеттікі) 
11. «Арғымаққа оқ тиді, 
Қыл майқанның ..., 
Аймадетке оқ тиді, 
Отыз екі омыртқаның буынынан», - өлеңнің тармағының жалғасы: (түбінен) 
12. «Қарағайлы кәдік бойында, 
Қамшым қалды ойында: 
Бүлдіргесі бұлан терісі
Өрімі құнан білдің терісі, 
Өрімі құнан білдің қайысы, 
Шырмауығы – алтын, сабағы – жез...» - депқамшыны сипаттағанжырау: (Доспамбет)'>(Доспамбет)'>(Доспамбет жырау) 
13. «Алғаным Әли ағаның қызы еді, 
Қас арудыңөзі еді. 
Маңдайы күнге тимеген, 
Желге шашын үрмеген», - деген жолдардың авторы: (Доспамбет) 
14. «Арыстандай екі бұтын алшайтып, 
Арғымақ мінген өкінбес...» Осы үзіндінің авторы: (Доспамбет) 
15. «Екі арыстан жау шапса
Оң қылқандай шаншылса, 
Бетегелі Сарыарқаның бойында, 
Соғысып өлген өкінбес!» - деген шумақ кімнің өлеңінен алынған? (Доспамбет жырау) 
16. «Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!» - деп, туған жеріне деген сүйіспеншілігін жырға қосқан жырау: (Доспамбет) 
17. «Алаштан байтақ озбаса», «Күн қайда толғауларының авторы кім? (Доспамбет) 
18. «Доспамбет жыраудың өлеңі: («Айналайын, Ақ Жайық») 
19. Доспамбет жыраудың толғауы: («Күн қайда?») 
20. «Айналайын, Ақ Жайық» өлеңінің авторы: (Доспамбет) 
21. «Айналайын, Ақ Жайық, 
Ат салмай өтер күн қайда? 


Еңсесі биік боз орда, 
Еңкейе кірер күн қайда? 
Толғамалы ақ балта 
Толғап ұстар күн қайда?» - деген шумақтың авторы: (Доспамбет) 
22. Зерттеушілердің пікірінше, Доспамбет жырау «Айнала бұлақ басы тең» толғауын шығарған мезгілі: (Өмірінен қоштасар 
сәтте) 
23. «Тәңірінің өзі берген күнінде 
Хан ұлынан артық еді менің несібем! 
Азаулыда аға болған ерлер көп еді
Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді!» - деген шумақ қай жыраудың шығармасынан алынған? (Доспамбет) 
24. Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасы: («Қоғалы көлдер, қом сулар») 
25. «Еділдің бойынан ен жайлап, шалғынға бие біз байлап...» деп, еліне тыныштық, бейбіт күн іздеген жырау: (Доспамбет) 
26. «Озушылар, озбаңыз, 
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз. 
Бізім бетке барсаңыз, 
Есақай, Қосай екі ұл, 
Алдыңызға жыр құнақтай, 
Жылай шықса не айтарсыз?» Қай жыраудың өлең жолдарынан алынған? (Доспамбет жыраудың соңғы сөзі) 
27. *** Талай жорықтарға қатысқан жауынгер жыраулар: (Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді) 
28. 
*** Доспамбеттің толғаулары: («Айналайын, Ақ Жайық», «Айнала басы бұлақ тең», «Қоғалы көлдер, қом сулар») 
29. *** Доспамбет жырау толғауынан алынған үзіндідегі көркемдік тәсіл(дер): 
«Тоғай, тоғай, тоғай су, 
Тоғай қондым, өкінбен. 
Толғамалы ала балта қолға алып, 
Топ бастадым, өкінбен...» (Аллитерация, Қайталау) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   242




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет