1-блок Объектіге бағытталған программалауға анықтама беріңіз. Инкапсуляция



бет1/7
Дата25.12.2022
өлшемі0,95 Mb.
#59546
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7

1-блок
1. Объектіге бағытталған программалауға анықтама беріңіз. Инкапсуляция,
мұрагерлік жəне полиморфизм ұғымдарына сипаттама беріңіз.
Объектіге-бағытталған бағдарламалау – объектілердің көмегімен бағдарламаларды жобалау, жазу. Объектіге-бағытталған бағдарламалаудың негізі болып объект саналады. Объект деп – мәліметтер және олармен жұмыс істеу әдістерінің жиынтығы аталады. Объектіге-бағытталған бағдарлама деп – объектілер және олардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы аталады.
Объектіге бағытталған бағдарламалаудың концепциясының негізінде объект түсінігі жатыр. Объект ол өрістер (мәліметтер) мен әдістерді (объект орындайтын қимылдар) біріктіретін субстанция болып табылады.
Мысалға, адам объектісі аты, туған жері өрістерін және жеу, ұйықтау, жүгіру әдістерін иемденеді. Соған сәйкес бағдарламада біз осындай операторларды қолдана аламыз: Адам.Аты:="Ерлан"; және Адам.Жеу(Тамақ);
Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері:
1. Полиморфизм;
2. Инкапсуляция;
3. Мұрагерлік.
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі.
Инкапсуляция - бір объектілік типте мәліметтерді біріктіру.
Мұрагерлік - бір класстың мінездемелерін басқа класс арқылы қолдану мүмкінідігі.

2-cұрақ:
С++ тілінің жасалу тарихы С тілінен басталған. С++ тіліндегі барлық компиляторларды С программасының компиляциясында қолдануға болады. С++ тілі 1979жылы Белл Лабаратория компаниясында Бьерн Страуструппен құрылған. Алғашында жаңа тіл "С класспен" атауын алды, бірақ 1983жылы ол С++ деп аталып кетті.
3-сұрақ:
С++ тілде барлық айнымалылар белгілі бір деректер түріне ие. Мысалы, бүтін түрі бар айнымалы бүтін сандардан басқа ештеңені қамтуы мүмкін емес, ал өзгермелі нүкте айнымалысы тек Бөлшек сандар. Деректер түрі айнымалыға оны жариялау немесе инициализациялау кезінде тағайындалады. Төменде бізге қажет c++ тілінің негізгі деректер типтері берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет