М.Б.Балақаев 1950 жылы қазақ тіліндегі жай сөйлем мәселелері бойынша Мәскеуде докторлық диссертация қорғады. Кейін бұл еңбегі жеке кітап болып шықты. Ол – бұл саладағы тұңғыш монографиялық зерттеу. Бұл салаларға барған адам оның еңбектерін аттап өте алмайды. Әсіресе, қазақ тілінің тұңғыш ғылыми грамматикасы болып есептелетін «Қазіргі қазақ тілінің» (1954) жазылып, жарық көруінде М. Балақаевтың үлесі мол. М.Б.Балақаевтың бұл орайда баса айтылуға тиісті ең шоқтықты үлкен еңбегі – жай сөйлем синтаксисі, сөз тіркесі, тіл мәдениеті проблемаларын бүкіл туркология көлемінде алғаш зерттеген ғалымдардың бірі, әсіресе, оның грамматикалық зерттеулерінің орны бөлек. Олар негізінен синтаксис проблемаларына арналған. Балақаев бұл салада «Жай сөйлем типтері», «Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис» тәрізді бірнеше іргелі морфологиялық жұмыстар жариялады. Бұл зерттеулерінде тек қазақ тіл біліміне емес, бүкіл түркология үшін мәні бар бірқатар теориялық тың шешімді тұжырымдар жасайды. «Жай сөйлем синтаксисі» мен «Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері» (1957) деген еңбектері отандық және әлемдік деңгейде жоғары бағаланған. Осы кейінгі аталған еңбегінде ол өзінің ұстазы Н. К. Дмитриев және Н. А. Баскаковтармен пікір таласына барып, ой жарыстырады. Ол қазақ тілі синтаксисін, оның ішінде, сөз тіркесін бүге-шүгесіне дейін зерттеп, оны өз алдына бөлек қарастыруды тілейтін тіл саласы екенін дәлелдеп, теориялық тұжырымдама жасайды. Н.К.Дмитриев М.Б.Балақаевтың «Қазақ тіліндегі жай сөйлемдер түрлері» атты еңбегіне жазған рецензиясында оған жоғары баға беріледі: