1-блок сұрақтары Лингвомәдениеттану — тіл жөніндегі гылымның бір саласы Тіл мәдениет құралы


Сөздің жалпы құрылысы жәие сөз тұлғалары



бет2/24
Дата20.04.2022
өлшемі42,27 Kb.
#31660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
1-блок с ра тары Лингвом дениеттану — тіл ж ніндегі гылымны бір

16. Сөздің жалпы құрылысы жәие сөз тұлғалары.

17. Н.Сауранбаевтың грамматикалық еңбектері

Н.Т.Сауранбаевтың грамматика мәселелеріне арнап жазған еңбектерін мынадай топтарға бөлуге болады:

а) морфология (есімдіктердің түрлері, етістіктердің мағыналары мен жасалуы, рай категориясы және көсемше формасы);

ә) жай сейлемдер синтаксисі;

б) құрмалас сөйлемдер синтаксисі.

Морфология жайында Н.Т.Сауранбаев жазған еңбектер онша көп емес. Негізгі қағидалары мен істелер істің ауқымын ол педучилищеге арналған оқулығында айтқан болатын. Одан басқа «Қазақ тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы туралы» (1939 ж.) «Есімдік» (1939 ж.), «Етістік» (1939 ж.), «Шылауыштар туралы» (1939 ж.), «Бұйрық райдың жақ категориясы жайында» (1954 ж.) тәрізді ғылыми мақалалар жариялады.

Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктерді ерекше сөз табына жатқызуға екі түрлі жағдай себеп болады деп көрсетеді Н.Т.Сауранбаев. Оның бірі — есімдіктердің мағынасы, екіншісі — олардың грамматикалық формасы. Есімдіктердің өздеріне тән дербес мағынасы болмайды, олар басқа сөздердің орнына жүріп, сол сөздердің өзіндік ұғымын береді. Жұмсалу мағынасына қарай есімдіктерді Н.Т.Сауранбаев мынадай түрлерге бөледі:

1) жіктеу есімдігі,

сілтеу есімдігі,

тәуелдеу есімдігі,

өзіндік есімдігі,

болымсыз есімдігі,

сұрау есімдігі.

Қазіргі грамматикалық оқулықтарда тәуелдеу есімдігінің орнына есімдіктердің «жалпылау есімдігі» және «белгісіздік есімдігі» деген түрлері (не бәрі олар жетеу) аталып жүр.

Жіктеу есімдігі иелік қатынасты білдіреді. Тәуелдеу, өздік есімдіктері де осы мағынаны беру үшін қолданылады. Сілтеу есімдіктері кеңістік ұғым береді. Н.Т. Сауранбаев түбір есімдіктерінің морфологиялық құрамын суреттеп, олардың әр алуан өзгеріп отыратын жайттарын бағдарлайды. Мысалы, үшінші жақтың жекеше түрі (ол) көптік жалғауын қабылдау үстінде түбірдегі л дыбысынан айрылып қалады (олар). Барлық есімдіктер -лар (-лер) жалғауы арқылы көптелмейді (мен-мендер емес). Сол сияқты жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері жекеше түрінде септелгенде түбірін өзгертіп жібереді. Мақалада есімдіктердің морфологиялық көрсеткіштері де сөз болады. Н.Т.Сауранбаев келтірген фактылардың барлығы да қазіргі мектеп грамматикаларында түгелдей айтылып, түбегейлі оқытылып жүр [33.6б ].

Етістік категориясын Н.Т.Сауранбаев құрмалас сөйлемнің синтаксисімен байланысты көбірек қарастырады. Көсемшелер тұлғалары туралы жазған мақалалары түптеп келгенде осыған саяды. Онысының иіні де бар сияқты: етістіктер сөйлем құрамында, әдетте, баяндауыш қызметін атқарады да, құрмалас сөйлем ішіндегі жай сөйлемдерді өзара жалғастыруға дәнекер болып тұрады. Сондықтан жай сөйлемдердің өзара құрмаласу амалдарына байланысты етістік тұлғаларының әңгіме болуы орынды да. Етістік туралы жазылған мақаласында Н.Т.Сауранбаев оның «формасы көп, мағынасы сатылы болады» деп көрсетеді. Етістіктің негізгі қызметі — басқа сөз таптарын сөйлем ішінде өзара байланыстырып, бірлікте ұстау. Ол мағыналық жағынан үш түрлі қатынасты білдіру үшін қолданылады:

қимыл-әрекеттің объектіге қатынасы,

субъектінің қимыл-әрекетке қатынасы,

қимыл-әрекеттің мезгілге қатынасы

Етістіктің осылай семантикалык, тұрғыдан түрленуін Н.Т. Сауранбаев «класс категориясы» деп атайды. Қимыл-әректтің объектіге қатынасын автор «нәтижелік жұрнактар» (дыр, тыр, -ыл, -у, -лас) арқылы «нәтижелік етістіктер» жасалады, олар «объектілік нәтиже» мағынасын тудырады деп есептейді. Осы күні мұны етіс категориясына жатқызып жүрміз. Субъектінің қимыл-әрекетке қатынасын Н.Т. Сауранбаев рай категориясына тән деп қарайды, олардың мынадай түрлерін көрсетеді:

бұйрық рай,

шартты рай,

ашық рай,

қалау рай.

Бұйрық райды автор «тіке бұйрықт рай» және «тілек бұйрықты рай» деп екі түрге бөледі: ал, бер, алшы, берші, алсайшы, берсейші, алсашы, берсеші, ала ғой, бере ғой, ала қойсайшы, ала берші, алсаң нетті. Н.Т. Сауранбаевтың басқа райлар туралы айтқан суреттемелері—мектеп грамматикаларында сөз болып жүрген жайттар.
Қазақ тіліндегі есімшелер мен етістіктердің тұйық рай түрін сөз ете отырып Н. Т. Сауранбаев оларды «атауыш сөздердің» (яғни есім сөздерінің) қатарына жатқызу керек деген пікір айтады: «Тұйық рай — атауға» (зат есім сөзіне), есімше — сын» анықтауышқа (сын есім сөзіне) жатады». Автордың бұл пікірі қазірде өз қолдауын тауып та жүр.

Н.Т.Сауранбаевтың қaзipгi қазақ тілінің проблемалық мәселелеріне арналған монографиялық еңбектерінің бipi — 1944 ж. орыс тілінде басылып шыққан «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциялары» деген кітап (жауапты редактор С. Жиенбаев). Сөз таптарының үлкен 6ip тарауы болып танылатын етістік категориясына байланысты жазылған бұл зерттеу жұмысы тек қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл совет тюркологиясында зор жаңальқ, мол табыс еді. Жай сөйлемдер синтаксисі жайында Н.Т.Сауранбаевтың әр алуан оқулықтарында жазылып жүрген арнаулы тарауларынан бөтен «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері» (1941 ж.) «Жай сөйлемдердің нeгiзгi байланысу тәсілдері» (1946 ж.), «Жанама толықтауыш пен пысықтауыш мүшелер» (1957 ж. Ж.Болатовпен бipгe) т.б. сияқты ғылыми мақалалары бар. Жай сөйлемдердің өз ара байланысу тәсілдері мен ол тәсілдердің түрлерін Н.Т.Сауранбаев құрмалас сөйлем синтаксисінің ең негізгі мәселесі етіп қояды, өйткені құрмалас сөйлем бірнеше жай сөйлемдердің өзара қосындысынан құралады. Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Ғалым құрмалас сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі сыртқы заңдылықтары мен ерекшеліктерің, жасалу жолдары мен жұмсалу аясын қарастырып, синтаксистік қызметін саралады.

Құрмалас сөйлемдерді зерттеуде даулы мәселелердің бірі-жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді айырудың китерийдері қандай деген мәселе. Бұл мәселе жөнінде ғалым «жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық жай сөйлем жеке сөздерден, сөз тіркестерінен құралса, құрмалас сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерден (синтаксистік компонеттерден) құралады. Яғни, әрқайсысының өзіне тән дербес бастауышы, баяндауышы және тұрлаусыз мүшелері бар, әр сөйлем бөлек тұрған қалпында бөлек-бөлек ойды білдіре алады». Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі белгілері ретінде мыналарды береді: 1.Құрмаластағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі; 2. Компонентте дербес бастауыш пен баяндауыштың болуы; 3.Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы [39.235 -269б]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет