1-бөлім 1-тапсырма Мәтін үзіндісін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз



бет1/3
Дата29.12.2023
өлшемі22,21 Kb.
#144873
  1   2   3
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан №1


Қорытында аттестататтау емтихан материалдары




1-бөлім
1-тапсырма
Мәтін үзіндісін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Ядролық энергетика қазіргі уақытта ең перспективті жоба деп қарастырылды. Адамзаттың ХХI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарды қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуы тиіс. АЭС-ті салудың бір артықшылығы – олардың орнын ресурс алынатын орынға қарай тәуелсіз таңдауға болады, себебі отын мөлшері аз болғандықтан, тасымалдау көп шығынға әкелмейді. Мөлшері жағынан 0,55 кг ядролық отыннан алған энергия 1000 тонна таскөмірді жаққандағы энергияны беретінін ескерсек те жеткілікті.
Көптеген елдердің көпжылдық тәжірибесі АЭС- ті қолдануда олардың қоршаған ортаға кері әсері көп болмайтынын көрсетеді. 1998 жылдары АЭС-ті қолдану мерзімі орташа жиырма жыл деп есептелген. Қалыпты жұмыс істейтн АЭС-тің қоршаған ортаға бөлінетін радиоактивті элементтер қалдығы өте аз болады. Қуаты дәл сондай ЖЭС пен салыстырғанда, олардың мөлшері орта есеппен 2-4 есе аз. Чернобыль апатына дейін сол кездегі Кеңес Одағында тек АЭС-те ғана өндірістік жарақат алу дәрежесі төмен болған. Отыз жыл аралығында болған апаттарда 17 адам қаза тапқан, олардың қазасына радиация себеп болмаған. Ал 1986 жылдан кейін ең басты экологиялық қауіп АЭС -те болатын апат мүмкіндігімен байланыстырылды. Қазіргі АЭС-те мұндай қауіптің болу мүмкіндігі аз, бірақ сонда да оны үзілді-кесілді болмайды деу қиын.
Чернобыль АЭС апатының салдары 20 мемлекеттің территориясын қамтыған, радиусы 2 мың км-ден артық территория радиореактивті ластануға ұшырады. Бұрынғы Кеңес Одағы шекарасындағы 17 млн адам өмір сүретін 11 аймақ зардап шекті. Осы апаттан кейін көптеген мемлекеттерде жұртшылықтың талабы бойынша АЭС құрылысының бағдарламасы уақытша тоқтатылды, бірақ атомдық энергетиканың дамуы әлі де 32 елде жалғасуда.
Қазір ядролық энергетиканың тиімділігі мен тиімсіздігі туралы талас бәсеңдеді. Көміртегінің қос тотығы мен басқа да органикалық отын секілді жану өнімдерінің атмосфераны ластануына жол беруге болмайтынын әлем түсінді. Бұл қорытынды мына фактілерге негізделген: АЭС- тен энергия алу жылу электр станцияларында органикалық отын мөлшерін төмендетеді, соның нәтижесінде Жер атмосферасын 2300 млн тонна көмірдің қос тотығының, 80 млн тонна күкірт диоксиді мен 35 млт тонна азот оксидтерінің жылдық қалдықтарынан қорғайды. Бұндай қауіпті заттарды атмосферадан бөлу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмас еді. Оған нақты мысал келтірсек, Швецияда Барсебек-1 атом станциясының жабылуынан Швеция соңғы 30 жылда электр энергиясын Даниядан тасымалдады. Оның экологиялық салдары мынадай: Данияның көмір электр станцияларында Ресей мен Польшадан қосымша алынған 350 мың тонна көмір жағылғандықтан, көмірдің қос тотығының жылына 4 млн тонна өсуіне әкелді және Швецияның оңтүстік бөлігінде қышқыл жауын мөлшері біршама артып, табиғатқа зиянын тигізді.
Қазір әлемдегі барлық жұмыс істейтін АЭС-ті ЖЭС-пен алмастырса, онда әлемдік экономикаға, бүкіл планетамызға және әрбәр жеке адамға орны толмас залал келтірер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет